"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарында (экономикалық тергеп-тексеру қызметінде) жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 16 қарашадағы № 39 Бұйрықпен бекітілді |
Қаржылық мониторинг органдарында (экономикалық тергеп-тексеру қызметінде) жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қаржылық мониторинг органдарында (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) жеке құраммен тәрбие, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 54-1-бабына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарында (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) жеке құраммен тәрбие, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2-тарау. Қаржылық мониторинг органдарында тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру тәртібі
2. Тәрбиелік жұмысының негізгі мақсаты жеке құрамның құқықтық ақпараттану, сауаттылық, мәдениет және адамгершілік деңгейін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ қызметкерлерде Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің мақсатын, оның жұмыс істеу және орындау ерекшеліктерін, оның алдында тұрған міндеттерді, мемлекеттік саясаттың негіздерімен адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға дайындығын түсінуге тәрбиелеу болып табылады.
3. Экономикалық тергеп-тексеру қызметіндегі тәрбиелік жұмысының негізгі міндеттері:
1) жеке құрамға жоғары рухани мәдениет пен имандылыққа, мемлекеттік дүниетаным мен әлеуметтік белсенділікке баулу;
2) оған мемлекеттік саясаттың негіздерін және Қазақстан қоғамын дамыту мен қайта құру саласында ел басшылығы қабылдайтын шараларды түсіндіру арқылы құқықтық хабардарлық пен сауаттылық дәрежесін арттыру;
3) қызметкерлердің адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға моральдық әзірлігін, экономикалық тергеп-тексеру қызметіне қатыстылығы үшін мақтаныш пен жауапкершілікті қалыптастыру және қолдау болып табылады;
4) қаржылық мониторингті кәсіби сауатты жүргізуді меңгеруге тұрақты ұмтылысты, қаржылық мониторинг органдарына деген мақтаныш пен адалдықты дамыту болып табылады.
4. Тәрбиелік жұмысының негізгі формаларына келесісі жатады:
1) мемлекеттік-құқықтық даярлық;
2) жеке құрамды хабардар ету;
3) бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын бағыныстылармен тәрбиелік жұмысының нысандары мен әдістеріне оқыту;
4) қаржылық мониторинг, соғыс және еңбек органдарының ардагерлерімен, мемлекеттік қайраткерлермен тақырыптық кездесулер;
5) тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу;
6) жеке-тәрбиелік жұмысы;
7) аудиоматериалдар мен бейнематериалдарды, ақпараттық-анықтамалық материалдарды, жаднамаларды дайындау және шығару.
5. Жеке-тәрбиелік жұмысын барлық деңгейдегі экономикалық тергеп-тексеру қызметінің басшылары жүргізеді, ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға, заңдылық пен тәртіпті бұзудың алдын алуға, олардың қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
6. Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін қолдау, ардагерлерге құрмет көрсету атмосферасын құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, этикалық нормалардың талаптарын сақтауды насихаттау және қаржылық мониторинг органдарының беделін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу.
7. Тәрбиелік жұмысының негізгі құралдарына мәдени-демалыс мекемелері мен көрнекі ақпарат құралдары жатады:
1) мәдениет қайраткерлерінің және басқа да шығармашылық бригадалардың өнер көрсетулерін ұйымдастыру;
2) спорттық ойындар және басқа да мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу;
3) мұражайларға экскурсиялар жасау.
8. Тәрбиелік жұмысының негізгі әдістері:
1) ақпараттандыру;
2) сендіру, ағарту;
3) оқыту;
4) насихат;
5) үгіт;
6) нұсқаулық;
7) сын;
8) пікірталас болып табылады.
9. Экономикалық тергеп-тексеру қызметіндегі тәрбиелік жұмысының іс-шаралары Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің негізгі тәрбиелік іс-шаралары жүйесіне сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
10. Экономикалық тергеп-тексеруу қызметінде тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп жыл қорытындысы бойынша жылына 1 рет (25 желтоқсанға дейін) еркін нысанда жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадр қызметінің тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі тобына жіберіледі.
3-тарау. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде психологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібі
11. Психологиялық жұмыстың негізгі мақсаты бөлімшелерде қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету, жеке құрамның жедел-қызметтік міндеттерді, оның ішінде әскери және төтенше жағдай кезеңінде орындауға психологиялық әзірлігін қолдау, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
12. Психологиялық қамтамасыз етудің міндеттері:
1) қызметкердің бойында кәсіби қызметті табысты және тиімді орындау және жедел-қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді зерделеу, дамыту және қолдау;
2) қызметкердің жеке және тұлғааралық жанжалдарын, проблемаларын шешуге, кәсіби қажудың профилактикасына, сондай-ақ қаржылық мониторинг органдарының бөлімшелерінде қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3) ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне және қызметкерлердің қызмет жағдайларына қанағаттану деңгейіне әлеуметтік мониторинг жүргізу, оны оңтайландыру жөнінде болжам жасау және ұсынымдар әзірлеу, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету мәселелері бойынша бөлімше басшыларына консультация беру;
4) Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушыларын бастапқы кәсіптік даярлықта оқыту және тағылымдамадан өту кезеңінде психологиялық сүйемелдеу;
5) психологиялық білім беру және қызметкерге психология саласында арнайы білімді қажет ететін кәсіби және жедел-қызметтік қызметте көмек көрсету.
13. Психологиялық қамтамасыз ету қызметінің бағыттары:
1) психологиялық диагностика;
2) психологиялық консультация жүргізу;
3) психологиялық профилактика;
4) психологиялық коррекция;
5) психология саласында арнайы танымдарды талап ететін кәсіби және жедел-қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыру кезінде экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлеріне консультация жүргізу және жәрдемдесу (бұдан әрі –арнайы бағыт).
14. Психологиялық диагностика келесі мақсаттарда жүргізіледі:
1) қызметкердің және қызметке кандидаттың моральдық, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау үшін жеке-психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ кәсіби және әлеуметтік мінез-құлқын болжау;
2) ұжымдардағы әлеуметтік-психологиялық процестерді зерделеу;
3) қызметкердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу дәрежесін бағалау, оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
4) қосымша психологиялық көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды қалыптастыру кезінде қызметкердің жеке-психологиялық ерекшеліктері мен жай-күйін айқындау;
5) психологиялық консультация жүргізу.
Психологиялық диагностика қызметкердің өтініші, экономикалық тергеп-тексеру қызметі басшыларының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Психологиялық диагностика зерттеулерінің нәтижелері ұсынымдық және құпия сипатқа ие.
Қызметкерлерге оның өмірі мен денсаулығы, үшінші тұлғалардың араласуын талап ететін басқа адамдар үшін ықтимал қауіп туралы ақпарат хабарланатын жағдайларды қоспағанда, ақпараттың құпиялылығына кепілдік беріледі.
15. Психологиялық коррекция жұмысын психологиялық диагностикалық зерттеулердің қолайсыз нәтижелері анықталған (бұл ретте бұрын бастан өткерген қандай да бір психикалық аурулардың анамнезінде, мидың органикалық зақымдануы болмаған) жағдайларда жүргізуге жол беріледі..
Психологиялық коррекцияның негізгі бағыттары:
мінез-құлықтың өзгеруінен;
сенімнің өзгеруінен;
тұлғалық қасиеттердің өзгеруінен;
құндылықтардың өзгеруінен;
жеке қасиеттердің өзгеруінен тұрады.
16. Психологиялық консультация қызметкерге жеке, отбасылық және кәсіби сипаттағы мәселелерді шешуге көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.
Психологиялық консультация жүргізу кезінде психолог кеңес берудің жеке және топтық түрлерін, соның ішінде телефон және электрондық поштаны пайдаланады.
Қызметкер психологиялық консультация алу үшін жеке өзі немесе басшылықтың ұсынысы бойынша жүгінеді.
Психологиялық консультация жалғыздықты, ыңғайлылықты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған кабинетте жүргізіледі.
17. Құпия ақпаратты қорғау мақсатында жүргізілген психологиялық жұмыстардың барлық материалдары (психологиялық диагностика мен психологиялық консультация) қызметкерлермен цифрлық немесе әріптік шифрды пайдалана отырып құжатталады.
18. Әлеуметтік зерттеулердің материалдары (анкеталар, сауалнамалар, анонимдік сауалнамалар) зерттеу аяқталғаннан кейін алты ай бойы психологта сақталады, ол акт бойынша жойылады.
19. Психологиялық профилактикалық іс-шаралар ұжымда салауатты психологиялық климатты сақтау үшін жағдайлар ұйымдастыруды, сондай-ақ жеке қызметкерлер мен ұжымдарға қатысты психологиялық профилактикалық іс-шараларды мерзімді жүргізуді қамтиды.
20. Психологиялық профилактика келесі жұмыс түрлерінен тұрады:
1) тренинг;
2) психологиялық ағарту (дәрістер, семинарлар және басқалар);
3) әдістемелік қамтамасыз ету (әдістемелік ұсынымдар, құралдар, жаднамалар, буклеттер және өзге де үлестірме материалдар әзірлеу);
4) қызметкердің релаксация және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру сессиялары.
21. Тренинг барысында психолог мақсаттарды, топтардың ерекшеліктерін және нақты жағдайды ескере отырып, оңтайлы әдістемелік, практикалық, әлеуметтік-психологиялық әдістер мен тәселдерді таңдайды.
Тренинг бағдарламалары стресске төзімділікті арттыруға және психологиялық эмоциялық шиеленісті төмендетуге, қызметкердің кәсіби - маңызды қасиеттері мен коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға, ұжымдағы қарым-қатынастарды біріктіруге және жақсартуға, жеке дамуға және басқа мақсаттарға бағытталған.
22. Арнайы бағыт Қаржылық мониторинг органдары қызметкерінің кәсіптік және жедел-қызметтік іс-әрекетті жүзеге асыруы кезінде оның арнайы сұрау салуы бойынша жәрдемдесуді қамтиды:
1) қатысу және ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу, психологиялық портрет жасау;
2) келіссөздер жүргізу стратегиясы мен тактикасын тұжырымдауда, сондай-ақ психология саласында арнайы танымдарды (заң және қолданбалы)талап ететін өзге де кәсіптік мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
23. Психологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ретке келтіру және дұрыс ұйымдастыру үшін психолог Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психологиялық жұмыстарды есепке алу журналын үнемі жүргізеді.
24. Психолог психологиялық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кадр қызметіне жылына екі рет есепті айдың 25-күніне дейін қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдайды.
25. Экономикалық тергеп-тексеру қызметіндегі психологиялық қамтамасыз ету мәселелеріндегі қызметті талдауды және үйлестіруді, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі кадр қызметінің психологы жүзеге асырады.
4-тарау. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібі
26. Идеологиялық жұмыстың негізгі мақсаты қызметкерлердің бойында мемлекеттің конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдықты, патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауға ұмтылысты қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
27. Идеологиялық жұмыстың міндеттері:
1) бөлімшелерде жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттің идеологиясын, ел басшылығының заңдылықты сақтау, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөнінде қабылдайтын шараларын түсіндіру;
2) қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауына тиімді ықпал ететін мемлекет саясатына адалдығын дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3) қызметкерлердің бойында патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауды нығайту;
4) жеке құрамның моральдық-психологиялық орнықтылығын, олардың деструктивті идеологияға иммунитетін дамыту;
5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру;
6) идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
28. Қызметтік ұжымдарға деструктивті идеялардың енуіне жол бермеу саласындағы идеологиялық жұмыс келесі тәртіпте ұйымдастырылады және жүргізіледі:
1) діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмысты жоспарлау;
2) жеке құрамды теріс ақпараттық әсерден қорғау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету.
Қаржылық мониторинг органдарында (экономикалық тергеп-тексеру қызметінде) жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Психологиялық жұмыстарды есепке алу журналы
№ | күні | Қызметкерді шифрі (кодтау) | Жұмыс түрі | Жүргізілген жұмыстың қысқаша мазмұны | ескертпе |
Қаржылық мониторинг органдарында (экономикалық тергеп-тексеру қызметінде) жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
20___ж. ______________________________ (есепті кезеңді көрсету)
Психологиялық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп
№ | Жұмыс атаулары | Саны |
1-бөлім. Психологиялық қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелері | ||
1 | Психологиялық диагностика (барлығы) | |
басшының тапсырмасы бойынша | ||
қызметкердің сұрауы бойынша | ||
тыңдаушымен | ||
ҚМА тапсырмасы бойынша | ||
кандидаттармен (олардың ішінде психологтың тарапынан қызметіне барлығы қанша адам ұсынылмаған) | ||
2 | Психологиялық консультация (оның ішінде:) | |
басшысымен | ||
қызметкермен | ||
тыңдаушымен | ||
қызметкердің отбасы мүшесімен | ||
3 | Психологиялық профилактика (барлығы) | |
тренингтер | ||
дәрістер | ||
релаксация сессиялары | ||
әдістемелік қамтамасыз ету | ||
4 | Арнайы іс-шаралар | |
5 | Әлеуметтік зерттеулер (барлығы) | |
басшының сұрауы бойынша | ||
ҚМА тапсырмасы бойынша | ||
қызметтік тергеп-тексеру жүргізу шеңберінде |
Психологиялық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыс туралы есепке анықтама
Кіріспе
Психологиялық диагностика
Психологиялық консультация
Психологиялық профилактика
Арнайы іс-шаралар
Әлеуметтік зерттеулер
Қорытынды
Психолог (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)