"Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қарашада № 30586 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мына формула бойынша есептеледі:



      ШТ – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф;

      I2015 – 2015 жылы уәкілетті органмен жасалған келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар есебінен болған инвестицияларды қоспағанда) нақты жиынтық көлемі, мың. теңге (мың. теңге);

      n – 2015 жылы уәкілетті органмен келісім жасаған энергия өндіруші ұйымдардың жалпы саны;

      i – бірден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      P

– жүйелік оператордың деректеріне сәйкес i-ші энергия өндіруші ұйымның 2015 жылғы нақты қолда бар электр қуаты, мегаватт (МВт);

      М12 – бір жылдағы ай саны;


– i бойынша сомасы;

      ki+1 – 2016 жылдан бастап электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф айқындалатын есеп айырысу кезеңінің алдындағы жылға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша анықталатын жылдық инфляция деңгейлері ескерілетін, келесі формула бойынша есептелген индексация коэффициенті:



      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шекті тарифінің өлшемі: мың теңге/(мегаватт*айына) (мың теңге/(МВт*айына)).".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады