Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30687 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 380 бұйрығымен
бекітілген

Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині саласындағы биологиялық тәуекелдерді басқару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) биологиялық қауіпсіздік – адамдар мен табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, жер бетінің және топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және өзге де организмдердің) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін жай-күйі;

      2) биологиялық қауіпсіздік деңгейі – патогенді биологиялық агенттермен (бұдан әрі – ПБА) жұмыс істеуге байланысты инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейі;

      3) биологиялық тәуекелдерді бағалау – биологиялық тәуекелдерді басқару элементі және ПБА жұмыс істеуге байланысты қызметтің әртүрлі салаларындағы қауіпті биологиялық факторлардың, құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің әсер етуінің теріс салдарларының туындауының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығын білдіреді;

      4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу – ПБА-ны зерттеу, жою және (немесе) иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу мақсатында оларды бөлуге (анықтауға), әзірлеуге (жасауға), өндіруге (дайындауға), айналысына (оның ішінде әкелуге (әкетуге), сақтауға, тасымалдауға) тікелей бағытталған ПБА-мен жұмыс процестері (сатылары).

      3. Биологиялық тәуекелдерді бағалау сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

      4. Биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері, олардың деңгейіне қарай, биологиялық тәуекелді жою не рұқсат етілген (қолайлы) деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.

      5. Биологиялық тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін, сондай-ақ биологиялық тәуекелдерге ішкі бағалау жүргізудің тиімділігін бақылау осы Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Биологиялық тәуекелдердің градациясы ПБА өсімдіктеріне зиян келтіру ықтималдығын және туындаған салдарлардың ауырлығын айқындау арқылы биологиялық тәуекелдерді бағалауға негізделеді.

      7. ПБА-мен жұмыс істеу Заңның 13-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшыларына сәйкес ПБА-ны патогендігі мен қауіптілік дәрежесі бойынша жіктеуге негізделеді.

      Патогендігі III топтағы ПБА болып табылатын микроорганизмдердің аттенуирленген (әлсіреген) штамдары патогендігі IV топтағы ПБА-ға жатады.

      8. Биологиялық тәуекелдер үш деңгейге бөлінеді:

      1) биологиялық тәуекелдің төмен деңгейі – өсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті және инфекция жұқтырған организмнен сау организмге таралмайтын, оларға қатысты тиімді күрес және профилактика құралдары мен шаралары қолжетімді ПБА-мен жұмыс істеу кезінде туындаған жағдай;

      2) биологиялық тәуекелдің орташа деңгейі – өсімдіктерге зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге барынша аз тарататын, оларға қатысты тиімді күрес және профилактика құралдары мен шаралары қолжетімді ПБА-мен жұмыс істеу кезінде туындаған жағдай;

      3) биологиялық тәуекелдің жоғары деңгейі – өсімдіктерге елеулі зиян келтіруге қабілетті, инфекция жұқтырған организмнен сау организмге оңай таралатын, оларға қатысты тиімді күрес және профилактика құралдары мен шаралары жоқ, ПБА-мен жұмыс істеу кезінде туындаған жағдай.

2-тарау. Биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалау

      9. Биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалауды (бұдан әрі – ішкі бағалау) ПБА-мен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъект) ПБА-мен жұмыс істеу жөніндегі өз қызметіне қатысты жоспарлы түрде жылына кемінде бір рет және жоспардан тыс жүргізеді.

      10. Жоспардан тыс ішкі бағалау:

      1) биологиялық тәуекелді бағалау жүргізілмеген ПБА-мен жұмыс істеу жөніндегі зертханалық қызмет кезінде;

      2) жаңа зертхананы, жаңа жабдықты және жұмыстарды жүргізудің, зертханалық үй-жайларды реконструкциялаудың (қайта жоспарлаудың, қайта жабдықтаудың) жаңа әдісін пайдалануға беру кезінде жүзеге асырылады.

      11. Биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалау үшін субъект мамандарынан топ (бұдан әрі – топ) құрылады.

      12. Ішкі бағалау шеңберінде биологиялық тәуекел деңгейі және оны жою не рұқсат етілген (қолайлы) деңгейге дейін төмендету шаралары бағаланады.

      13. Ішкі бағалау нәтижелері бойынша топ биологиялық қауіпсіздік туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) дайындайды.

      14. Қорытындыда:

      1) ықтимал қауіпті биологиялық объектінің персоналға және жақын маңда тұратын адамға биологиялық тәуекел дәрежесі туралы;

      2) ықтимал қауіпті биологиялық объектіде төтенше жағдайлардың туындау дәрежесі туралы;

      3) ықтимал салдарларды бағалау туралы;

      4) ықтимал қауіпті биологиялық объектіде төтенше жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайларды жоюға дайындық жөніндегі іс-шараларды бағалау туралы;

      5) ықтимал қауіпті биологиялық объектідегі биологиялық тәуекелді төмендету және төтенше жағдайлардың салдарларын жеңілдету жөніндегі іс-шараларды бағалау туралы ақпарат көрсетіледі.

      15. Қорытындыға мыналар қоса беріледі:

      1) ықтимал қауіпті биологиялық объектідегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарларын көрсете отырып, ахуалдық жоспар;

      2) биологиялық тәуекелді бағалау әдістерін көрсете отырып, ықтимал қауіпті биологиялық объектінің биологиялық тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша есептеулер;

      3) ықтимал қауіпті биологиялық объектінің персоналға жәнежақын маңда тұратын адамға биологиялық тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін негіздейтін және растайтын материалдар;

      4) төтенше жағдайлардың (табиғи және техногендік сипаттағы) биологиялық тәуекелінің ықтималдығы мен дәрежесі;

      5) биологиялық тәуекелдерді жою не шекті жол берілетін (қолайлы) деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге арналған ұсынымдар.

      16. Ішкі бағалау биологиялық тәуекелдерді басқару бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес жүргізіледі.

      Жаңа зертхананы, жаңа жабдықты, жұмыс жүргізудің, зертханалық үй-жайларды реконструкциялаудың (қайта жоспарлаудың, қайта жабдықтаудың) жаңа әдісін, қауіпсіздік және (немесе) биологиялық қорғау шараларын күшейтуді талап ететін жаңа ПБА әзірлеу және (немесе) пайдалануға беру кезінде бағдарламаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      17. Бағдарлама мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) ішкі бағалау (зертхана жұмыс істейтін биологиялық заттар мен материалдардың сипаттамасын, биологиялық тәуекелді бағалау әдіснамасын, зертханалық рәсімдердің сипаттамасын, биологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралардың сипаттамасын және олардың мониторингін, зертхананың дезинфекциялық режимін, биологиялық материалды тасымалдау мен қабылдауды, төтенше және штаттан тыс жағдайлар кезінде ден қою тәртібін; персоналды инфекциядан қорғауды қамтиды);

      2) ПБА-мен жұмыс істеуді есепке алу;

      3) кадрлық қамтамасыз ету және персоналдың құзыреті;

      4) нормативтік құқықтық негіз;

      5) физикалық қорғау элементтерін басқару;

      6) жабдықты басқару (тексеру, сертификаттау, калибрлеу, аттестаттау);

      7) жұмыс ортасын, материалдар мен жабдықтарды (инфрақұрылым элементтері (желдету, сумен жабдықтау, кәріз), сондай-ақ антисептикалық және дезинфекциялық құралдардың болуы) құру;

      8) қалдықтарды басқару.

      18. Зертханалық рәсімдерді басқару үшін субъект операциялық рәсімдер стандартын (бұдан әрі – ОРС) әзірлейді.

      ОРС биологиялық тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, егжей-тегжейлі нұсқаулар мен процедураларды орындау әдістерін қамтиды.

      19. ПБА-мен жұмыс істеуді есепке алу мынадай механизмдер арқылы жүзеге асырылады:

      1) ПБА-ға қол жетімділік ПБА-мен жұмыс істейтін мамандарға және көмекші персоналға беріледі;

      2) ПБА есепке алудың түгендеу құжаттарына қол жетімділік жұмысы осындай ақпаратқа рұқсатты қажет ететін адамдарға ғана беріледі;

      3) ПБА сақтау орындарын физикалық қорғау (ұйымдастыру іс-шараларының, инженерлік-техникалық құралдардың және оларды қорғау жөніндегі іс-қимылдардың жиынтығы);

      4) ПБА-мен жұмыс істеуге байланысты барлық рәсімдерге ОРС әзірлеу.

      20. Физикалық қорғаныш элементтерін басқару персоналды жұқтырудың алдын алу, ПБА-ны заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.

      21. Физикалық қорғау элементтерін басқару мыналарды қамтиды:

      1) бастапқы тосқауылдар қорғаныш жабдықтары мен жеке қорғаныш құралдары арқылы құрылады және жұмыс істейтін персоналды, халықты және сыртқы ортаны қорғау үшін тосқауылды қамтамасыз етеді;

      2) қайталама қорғаныш тосқауылдары ПБА-мен заңсыз (рұқсатсыз) жұмыс істеуге тосқауылды қамтамасыз ете отырып, зертханалар мен ПБА немесе материалды сақтау орындарын жобалау және салу кезінде құрылады;

      3) қосымша қорғау шаралары (құлыпталатын есіктер, жабық тоңазытқыштар мен термостаттар, бөгде адамдардың зертханаға кіруін шектеу) биологиялық тәуекелі жоғары ПБА, сынамалар, дақылдар, химиялық реагенттер немесе құрылғылар сақталған жағдайда қажет;

      4) зертханалар үй-жайларының қорғалуы (күзеттің арнайы техникалық құралдары, дабыл сигнализациясы, кіруді бақылау, бақылаудың бейнебақылау және бейнебақылау жүйелері, өрт сигнализациясы жүйелері, өрттерді автоматты түрде анықтау және сөндіру жүйелері) объектінің интеграцияланған қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және қауіпсіздік жүйесінің барлық құрамдас бөліктерін ескере отырып бағаланады (физикалық күзет, өзіндік қауіпсіздік қызметі, аумақтық Ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган);

      5) субъектінің басшысы ұйымдағы физикалық қорғау жөніндегі қызметкерлерді оқытуды және хабардар етуді қамтамасыз етеді;

      6) физикалық қорғау құралдарының тиімділігін тексеруді ПБА сақтау орындарына рұқсаты бар мамандар жүргізеді.

      22. Ішкі бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақпаратты жинау және талдау;

      2) биологиялық тәуекелдерді бағалау;

      3) биологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бақылау стратегиясын әзірлеу;

      4) биологиялық тәуекелдерді бақылау шараларын таңдау және орындау;

      5) биологиялық тәуекелдерді талдау және биологиялық тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі.

1-параграф. Ақпаратты жинау және талдау

      23. Жиналатын және талданатын ақпарат мыналарды қамтиды:

      1) жоспарланатын зертханалық іс-шаралар (рәсімдер, жабдықтар, өсімдіктермен жұмыс, ультрадыбыспен, аэрозолизация және центрифугалау);

      2) персоналдың құзыреттілігі;

      3) ПБА және әлеуетті қауіпті заттар мен өңдеуге жататын материалдың шоғырлануы мен көлемі;

      4) әлеуетті беру жолдары;

      5) ПБА инфекциялық дозасын;

      6) ПБА беру қабілеті;

      7) ПБА инфекциясының ауырлығы;

      8) тиімді профилактикалық іс-шаралардың қолжетімділігі;

      9) зертханадағы және сыртқы ортадағы ПБА тұрақтылығы;

      10) зертхана персоналының сезімталдығы;

      11) ПБА-ның "агрессивті" қасиеттерінің сипаттамасы;

      12) құжаттама және зертханалық рәсімдер;

      13) қызметкерлердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары;

      14) зертхана аумақтары мен ғимараттары (қажетті санитариялық- қорғаныш аймағының болуы, зертхананың негізгі және қосалқы үй-жайларының, негізгі және резервтік инженерлік желілер мен коммуникациялардың жеткіліктілігі; ағындылықтың, "қайталама" кедергілердің сақталуы);

      15) зертханалық жабдық;

      16) персоналды ұжымдық және жеке қорғау құралдары (қорғалған жабдық, "бастапқы" тосқауылдар, қорғалған роторы бар центрифугалар);

      17) қалдықтарды басқару рәсімі.

      24. Осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша патогендік биологиялық агенттің биологиялық қауіптілік ерекшелігін дайындау міндетті компонент болып табылады.

2-параграф. Биологиялық тәуекелдерді бағалау

      25. Жиналған ақпарат негізінде биологиялық тәуекелдерді бағалау жүргізіледі:

      1) ПБА әсер ету және/немесе босату ықтималдығын және осындай оқиға салдарларының қауіптілігін анықтау;

      2) орындалатын жұмыстың, қызметті жүзеге асырудың бастапқы тәуекеліне әсер ету ықтималдығы мен салдарларын айқындау;

      3) биологиялық тәуекелдерді анықтау;

      4) биологиялық тәуекелді бағалау нәтижесін ресімдеу.

3-параграф. Биологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бақылау стратегиясын әзірлеу

      26. Биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша биологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бақылау стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) айқындалады.

      27. Стратегияны таңдауды субъектінің басшысы анықтайды.

      28. Биологиялық тәуекелді жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны жол берілетін (қолайлы) деңгейге дейін төмендету және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету, ауыстыру, шектеу, жеке қорғау шаралары мен жабдықтарды қолдану арқылы қызметті жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылданады.

4-параграф. Биологиялық тәуекелдерді бақылау шараларын таңдау және орындау

      29. Стратегия әзірленгеннен кейін биологиялық тәуекелдерді бақылау шаралары таңдалады және енгізіледі.

      30. Егер мониторинг және бағалау нәтижелері бойынша биологиялық тәуекел жол берілмейтін деп танылса, онда ПБА-мен жұмыс істеу биологиялық тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар әзірленгенге және қабылданғанға дейін дереу тоқтатылады.

      31. Субъектінің басшысы биологиялық қатерлерді (қауіптерді) бейтараптандыру, биологиялық тәуекелдердің алдын алу және төмендету, адамның қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен қорғалуын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді.

      32. Жоспарды іске асыру кезінде Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиімді орындалуын бақылауды жүзеге асыратын маман тағайындалады, есепте орындалған (орындалмаған) жұмыстың нәтижелерін тіркейді және оған қол қояды.

5-параграф. Биологиялық тәуекелдерді талдау және биологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі

      33. Биологиялық тәуекелдерді талдау және биологиялық тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі күнделікті мониторинг барысында жүзеге асырылады.

      34. Биологиялық тәуекелдердің мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі және осы Әдістемеге сәйкес биологиялық тәуекелдерді анықтауды, талдауды, болжауды, бағалауды және саралауды (бөлуді) қамтиды.

      35. Биологиялық тәуекелдер мониторингінің деректері биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін бағалау үшін, биологиялық қатерлерді (қауіптерді) бейтараптандыру, биологиялық тәуекелдердің алдын алу және азайту, халықтың қауіпті биологиялық факторлардың, оның ішінде жоспарға енгізілетін факторлардың әсерінен қорғалуын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін қолданылады.

3-тарау. Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау

      36. Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау (бұдан әрі – сыртқы бағалау) мынадай деңгейлерде жүргізіледі:

      1) республикалық деңгей (Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды) – өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;

      2) өңірлік деңгей (әкімшілік (облыс, астана және республикалық маңызы бар қала) шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды) – облыс, астана және республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

      3) жергілікті деңгей (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағын қамтиды) – аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейіндегі өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

      4) субъектінің деңгейі – субъектінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі.

      37. Сыртқы бағалауды жүргізу үшін мыналар тартылады:

      1) өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкілдері;

      2) ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері.

      38. Жоспардан тыс сыртқы бағалау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) биологиялық тәуекелді бағалау жүргізілмеген ПБА-мен жұмыс істеу жөніндегі қызмет;

      2) Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген биологиялық қауіптердің туындауы.

      39. Сыртқы бағалау жүргізу мақсатында комиссия құрылады. Комиссия осы Әдістеменің 37-тармағында көрсетілген адамдарды тарта отырып, кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.

      40. Сыртқы бағалау жылына кемінде бір рет кезеңділікпен күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

      41. Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 11) және 15) тармақшаларында көзделген биологиялық қауіптер туындаған кезде жоспардан тыс сыртқы бағалау жүргізіледі.

      42. Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мәліметтер мен деректерді жинау;

      2) белгіленген биологиялық тәуекелдерді талдау;

      3) Белгіленген биологиялық тәуекелдерді бағалау;

      4) биологиялық тәуекелдерді болжау (модельдеу);

      5) мониторинг нәтижелері туралы қорытынды дайындау.

      43. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мәліметтер мен деректерді жинау рұқсат беру жүйесінің, мемлекеттік бақылаудың, есептік құжаттаманың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерінің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қарамағындағы ақпараттық жүйелердің деректері, сондай-ақ ашық көздерден алынған деректер бойынша жүзеге асырылады.

      44. Белгіленген биологиялық тәуекелдерді талдау биологиялық тәуекелдердің себептері мен көздерін, олардың оң және теріс салдарын және салдардың пайда болу ықтималдығын қарастыруды қамтиды. Белгіленген биологиялық тәуекелдерді талдау аясында олардың салдары мен ықтималдығына әсер ететін факторлар анықталады.

      45. Белгіленген биологиялық тәуекелдерді бағалау биологиялық тәуекелдерді келесі сыртқы бағалау индикаторларымен салыстыруды қамтиды:

      1) Заңның 5-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген биологиялық қауіптердің туындау жағдайлары;

      2) белгіленген және ықтимал биологиялық тәуекелдерді іске асыру;

      3) биологиялық тәуекелдің неғұрлым жоғары санатқа ауысуы;

      4) субъектілердің осы Әдістемеде белгіленген ішкі бағалауды жүргізудің еселілігін сақтамауы;

      6) тұрақты бақылау мен мониторингті қажет ететін биологиялық тәуекелдерді қоспағанда, биологиялық тәуекелдерді төмендету динамикасының болмауы.

      46. Белгіленген биологиялық тәуекелдерді бағалау нәтижелері бойынша Заңның 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингті және болжауды (модельдеуді) жүргізу қағидаларына сәйкес биологиялық тәуекелдерді болжау (модельдеу) жүргізіледі.

      47. Сыртқы бағалау нәтижелері бойынша осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық тәуекелдерді сырттай бағалау нәтижелері туралы қорытынды ресімделеді.

  Биологиялық тәуекелдерді
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

Патогенді биологиялық агенттің биологиялық қауіптілігінің ерекшеліктері

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) жасады

      Жасалған күні:

      1. Патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА) туралы жалпы ақпарат:

      Типі:

      Тұқымдас:

      Тегі:

      Түрі:

      Морфология:

      Спора түзілуі:

      Жасушаішілік оқшаулау:

      Изоляттың шоғырлануы:

      Зертханалық инфекция жұқтыру туралы есептер (есептер):

      2. Биологиялық қауіпсіздік

      Изолят саясаты:

      Патогендігі:

      Резервуар:

      Тасымалдаушылар:

      Беру:

      Инфекциялылығы:

      Жеке қорғану құралдары:

      Ерекше сақтық шаралары:

      Қоршаған ортадағы ПБА тұрақтылығы:

      Сақтау:

      Кәдеге жарату:

      3. Тұрақтылық

      Қожайынның организмінен тыс өмір сүру:

      4. Оқиғалар:

      Себу (өну) кезіндегі іс-қимылдар:

      Байланыстан кейінгі алдын-алу:

  Биологиялық тәуекелдерді
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Биологиялық тәуекелдерді сырттай бағалау нәтижелері туралы қорытынды

Сыртқы бағалау тиімділігінің өлшемшарттары (индикаторлары)

Ескерту

1

Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 11) және 15) тармақшаларында көзделген негізгі биологиялық қауіптердің туындауы


2

Белгіленген және ықтимал биологиялық тәуекелдерді іске асыру


3

Биологиялық тәуекелдің неғұрлым жоғары санатқа ауысуы


4

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің биологиялық тәуекелдерге ішкі бағалау жүргізу жиілігін сақтамауы


5

Тұрақты бақылау мен мониторингті қажет ететін биологиялық тәуекелдерді қоспағанда, биологиялық тәуекелдерді төмендету динамикасының болмауы


      Қорытынды (тиімді/тиімсіз):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      ________________________ ___________ _______________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________________ ___________ _______________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________________ ____________ ______________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      _________________________ ____________ _____________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      _________________________ ____________ _____________________________

      (лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады