"Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды пайдалануды тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 978 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 105 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30838 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескеретпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды пайдалануды тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1517 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 48 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17661 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бірлескен бұйрықтың қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________ Т. Жаксылыков
      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
__________ А. Муканова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 105 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 978 Бірлескен бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 1517 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 48 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Тексеру парағы

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тауар белгісін,

      қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын

      пайдалану саласына

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жеке және заңды тұлғаларға қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті

      тобының атауы.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт

      ____________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

Орналасқан жерінің мекенжайы

Талаптар тізбесі Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4

1

Біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер иеленушінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз пайдалану



2

Тауар белгісіне құқық беру/ұсыну туралы тиісті шарттарды тіркеудің болуы



3

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінің аумағында айналымға құқыққа сыйымды енгізілген тауарларға қатысты осы тауар белгісін тікелей тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) немесе оның келісімімен басқа да тұлғалардың пайдалануы



      Лауазымды адам (-дар)

      ___________________________________________________________________

      лауазымы қолы

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________________________________________________________________

      лауазымы қолы

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады