"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 602 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 920 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30841 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы Қағидаларында:

      2-тармақты жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қару айналымы – қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндiру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткiзу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденiп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;

      2) жеткізіп беруші заңды тұлға - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына заңнамада белгіленген тәртіпте лицензия алған ұйымдар;

      3) дайындаушы кәсіпорын - азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын дайындауға заңнамада белгіленген тәртіпте лицензия алған ұйымдар;

      4) тіркелген қару - ішкі істер органдарында белгіленген тәртіпте тіркелген және сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат берілген немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкінің "Тіркелген қару" есебіне қойылған азаматтық және қызметтік қару;

      5) патрон – қарудан атуға арналған, бастамашыл құралының гильзаларының (капсюль) көмегімен бір тұтасқа, лақтырылатын зарядты (аңшылық оқ-дәрі) және лақтырылатын керек-жарағын (оқ, бытыра) біріктіретін құрылғы;

      6) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар - қызметтік қаруды пайдаланумен және қолданумен байланысты функциялар жүктелген ұйымдар;

      7) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының өндірісі - азаматтық және қызметтік қаруды және оның қосалқы бөлшектерін зерттеу, әзірлеу, дайындау, сынақтан өткізу, құрастыру, көркемдеп әрлеу, жөндеу, қайта жасау және жою;

      8) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өткізу (сату) - жеткізіп беруші заңды тұлғалардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес оларды сатып алуға құқығы бар заңды және жеке тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын бөлшектеп сатуы;

      9) азаматтық және қызметтік қаруды сату - ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың, қару өндірумен айналысатын заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген лауазымды адамдардың, қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, аңшылық шаруашылығы ұйымдарының, спорттық ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, қаруды, оның ішінде жеткізіп беруші заңды тұлға арқылы немесе осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда оларсыз жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаларға қару немесе патрондарды сатуы;

      10) қаруды уақытша пайдалану - аңшылық шаруашылық ұйымдары, спорттық ұйымдар жұмыскерлерінің ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, атыс қаруын алып жүру немесе сақтау және алып жүру құқығы берілген лауазымды адамдардың қызметтік қаруды пайдалануы;

      11) орталықтар - жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары және азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын арнайы даярлау орталықтары, "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына сәйкес спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендті, практикалық), аккредиттелген Республикалық федерация құрамындағы спорттық ұйымдары;

      12) спортшыны тіркеу туралы куәлік - спортшының спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік аккредиттелген спорт Федерациясында тіркеуден өткенін растайтын және спорттық атыспен тұрақты айналысатын азаматтың мәртебесін растайтын құжат;

      13) қаруды орталықтандырылған сақтау пункті (бұдан әрі – ОСП) – осы Қағидалардың 120, 122, 136-тармақтарының талаптарына жауап беретін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға арналған үй-жай;

      14) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макет – қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы оқ ату және бастапқы күйіне дейін қалпына келтіру, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерінен атуға қабілетті атыс қаруын құрастыру мүмкін болмайтын күйге келтірілген жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық, қызметтік атыс қаруы;

      15) қару-жөндеу шеберханасы - заңнамада белгіленген тәртіпте азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеуге лицензия алған ұйым;

      16) коллекциялық қару - Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тыйым салынбаған азаматтық және қызметтік қару;

      17) конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар - қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ үрлемелі қуаты 0,5-тен 3 Дж-ға дейінгі қару;

      18) оқсыз атылатын қару – мәдени, білім беру, коллекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін арнайы жасалған қару немесе қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы тек қана жарық-дыбыс әсері бар патронмен (бос патронмен) оқ атуды имитациялауға жарамды күйге келтірілген атыс, ұңғысыз атыс, газды қару немесе жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару;

      19) қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері – атыс, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, пневматикалық, белгi беретін, оқсыз атылатын қарудың ұңғысы, барабаны, бекітпесі, жақтауы, ұңғы қорапшасы.";

      11-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) үрлемелі қуаты 7,5 Джоульден (бұдан әрі – Дж) аспайтын және конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, 4,5 мм дейінгі калибрлі белгi беретін, қару, пневматикалық қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 тіркелді) 2020 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының № 64 бұйрығымен бекітілген соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамалар, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Психиатрия" және "Наркология" психикалық денсаулық орталықтарынан алынған мәліметтер) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды және наркологиялық науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер, "Азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы" 2019 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 536 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) (бұдан әрі – даярлау бағдарламасынан өткені туралы анықтама) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларының даярлау (қайта даярлау) бағдарламасынан өткені туралы анықтамалар ұсынылғаннан кейін оларды сатып алу рұқсатынсыз он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына өткізеді.

      Заңды тұлғаларға көрсетілген қару оны сатып алуға рұқсаттар бойынша сатылады.

      Азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттары бар адамдар, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің органдарын қоспағанда (Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет өткеру орнынан мөрмен басылған уәкілетті адамның қол таңбасымен құжаттарды ұсынған жағдайында), көрсетілген қаруды соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамаларды, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы туралы мәліметтерді ұсынбай сатып ала алады.

      Сатып алушы ұсынған анықтамалар, мәліметтер, рұқсаттардың көшірмелері және жеке басын куәландыратын мәліметтер тігіледі және есептік құжаттамамен он жыл сақталады, оларды электрондық түрде сақтауға жол беріледі;

      Механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, және қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты жүргізгеннен кейін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша жұмыс істеп тұрған мамандандырылған дүкендерде қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.

      Оқсыз атылатын қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары Заңның 12-бабының 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға, коллекциялауға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға сатуға құқылы.";

      15-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) комиссиялық сатуға қабылданған тіркелген азаматтық және қызметтік қару туралы мәліметтер қаруды тіркеу орны бойынша ішкі істер органына ЕЛ МДҚ АЖ арқылы жіберіледі

      ЕЛ МДҚ АЖ арқылы мәліметтерді беру үшін жеткізіп беруші заңды тұлғаның қызметкері тіркелген азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға тапсыру туралы жеке және заңды тұлға жүгінген кезде заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы "электрондық үкімет" порталы арқылы тапсыратын адамда сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсатының бар-жоғын ЕЛ МДҚ АЖ-де тексереді, одан әрі қаруды қабылдаушы қызметкер белгіленген рұқсатпен сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органына ЕЛ МДҚ АЖ арқылы жолданатын сатуға қабылданған қару туралы мәліметті толтырады.

      Рұқсатсыз өткізілетін қаруды заңды тұлға ішкі істер органдарына сұрау салу арқылы оның тіркелу мәніне тексереді.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағында сатуды заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы берілген мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың;

      2) ерекше жарғылық міндеттері заңды тұлғалардың;

      3) қаруды өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалардың;

      4) қаруды коллекциялау немесе экспонаттаумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың;

      5) аңшылық шаруашылық ұйымдардың;

      6) спорт ұйымдарының;

      7) білім беру ұйымдарының;

      8) Қазақстан Республикасы азаматтарының;

      9) оқсыз атылатын қару бөлігінде мәдениет ұйымдарына (кинематографиялық ұйымдар, театрлар, цирктер, мұражайлар);

      10) шетелдіктердің;

      11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газды әрекеттегі патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалардың жүзеге асыруына жол беріледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелері, азаматтық қаруды сатып алуға ішкі істер органының рұқсат бар адамға қайта тіркеуге немесе жеткізіп беруші заңды тұлғаға комиссиялық сатуға тапсыру шешімін қабылдағанға дейін қару мен оның патрондарын есепке алған жері бойынша 20 жұмыс күні ішінде ішкі істер органына немесе ОСП-ға тапсырады.

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Сатып алынған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде ЕЛ МДҚ АЖ немесе сатып алынған қару туралы мәліметтерді ұсыну жолымен (жеткізіп беруші заңды тұлғалар қаруды импорттаған жағдайда) сатып алуға рұқсат берген аумақтық ішкі істер органында тіркеледі.

      Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда пневматикалық қару ішкі істер органдарында тіркеуге алынбайды.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Барлық деңгейдегі спорттық федерациялар, мектептегі ұлттық командалар және спорт резерв дирекциялары, жоғары шеберлік спорт мектептері, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттары, олимпиадалық даярлау орталықтары, балалар мен жасөспірімдер, спорт мектептері олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері, спорттық атыс бойынша спорттық клубтар және дене шынықтыру - спорт қоғамдары (бұдан әрі – спорттық ұйымдар) спорттық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" нысан бойынша ішкі істер органдары беретін рұқсат құжаттарының негізінде осы Қағидалардың 47-тармағында айқындалған тәртіпте спорттық қару мен оның патрондарын сатып алады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып тіркелген).

      Қазақстан Республикасының азаматтары спорттық қаруды (қысқа ойық ұңғылыдан басқа) республикалық және өңірлік аккредитацияланған спорт федерацияларының қолдаухаты бойынша жалпы негіздерде және оларда атысқа байланысты спорт шеберіне кандидаттан (бұдан әрі-СШҮ) төмен емес разрядты көрсете отырып, спортшыны тіркеу туралы куәлігі бар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 295 бұйрығымен бекітілген спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсынуы, спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9673 тіркелген) нысан бойынша сатып алуға жол беріледі";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, азаматтық спорттық пневматикалық қаруды, дыбыстық белгі беруге пайдаланылатын белгі беру қаруын соттылығы жоқтығы туралы қару ұстауға соттылығының болмауы, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтерді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 562 бұйрығымен бекітілген азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы анықтамаларды (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18881 тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары) және спортшының куәлігін ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары рұқсатсыз жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алуға құқылы.

      Коллекциялау лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар лицензия берілгеннен кейін оқсыз атылатын қаруды сатып алады.

      Заңның 12-бабының 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар өздерінің білім беру немесе мәдениет ұйымдарына (кинематографиялық ұйымдар, театрлар, цирктер, мұражайлар) қатынасын растайтын құжаттар негізінде оқсыз атылатын қаруды сатып алады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін сатып алуға өзін – өзі қорғаудың тегіс ұзын ұңғылы қаруы мен аңшылық қаруын қоспағанда, азаматтық қару алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:

      "57-1. Өзін-өзі қорғаудың тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын алып жүруге құқығы жоқ, ал аңшы куәлігі болған кезде аңшылық тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруды және аңшылық пневматикалық қаруды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін жиырма бір жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтары сатып алуға құқылы.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Азаматтық атыс қаруды, газды тапаншалар мен револверлерді, электр қаруын азаматтар ішкі істер органдары беретін рұқсат бойынша сатып алады.

      Аңшылық суық жүзді қару атыс қаруын сақтау және алып жүру рұқсаты бойынша сатып алынады және аңшылық куәлігіне жазылады.

      Белгі беру қаруы, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматына соттылығы жоқтығы туралы, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтерді және дайындық бағдарламасынан өткені туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін рұқсат алмай оларды жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар.

      Азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттары бар адамдар, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің органдарын қоспағанда (Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет өткеру орнынан мөрмен басылған уәкілетті адамның қол таңбасымен құжаттарды ұсынған жағдайында), көрсетілген қаруды соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамаларды, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы мәліметтерді ұсынбай сатып ала алады.

      Механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, және қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты жүргізгеннен кейін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша жұмыс істеп тұрған мамандандырылған дүкендерде қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Заңның 5-бабы 1) тармақшасында көрсетілген тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары аңшы куәлігінсіз тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдары берген рұқсат бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында сатып алуға құқығы бар.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Аңшы куәлігі бар жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Мыналарды:

      1) заңды және жеке тұлғаларға ішкі істер органдарынан қаруды сатып алуға рұқсатты алмай азаматтық және қызметтік қаруды;

      Белгі беру, оқсыз атылатын қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды Қазақстан Республикасының азаматтары оларды сатып алуға рұқсат алмай сатып алуға;

      Коллекциялау лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар лицензия берілгеннен кейін оқсыз атылатын қаруды сатып алады.

      Заңның 12-бабының 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар өздерінің білім беру немесе мәдениет ұйымдарына (кинематографиялық ұйымдар, театрлар, цирктер, мұражайлар) қатынасын растайтын құжаттар негізінде оқсыз атылатын қаруды сатып алады.";

      2) Белгі беру, оқсыз атылатын қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 мм дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сатып алуға жол берілмейді:

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Коллекциялық қару мен патрондарға:

      1) қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме болып танылған қару, оның ішінде қолдан жасалған, заңсыз қайта жасалған немесе Қазақстан Республикасының аумағында айналымға тыйым салынған қарулар, оның ішінде сот тәртібінде істерді қарау аяқталғаннан кейін;

      2) азаматтық және қызметтік қару болып табылмайтын шетелде жасалған қару;

      3) тәжірибелік партияда жасалған не Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және сертификатталған сынақтардан өтпеген қару;

      4) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макеттер жатпайды;

      5) түпнұсқа бөлшектерінің, сондай-ақ сыртқы түрінің және көркем өңдеудің авторлық өзгерістері бар қару көшірмесін пайдаланбай конструкциясы мен көркем безендірілуін дәл көрсеткен жағдайда түпнұсқасы не өндірістен шығарылған сызба бойынша дайындалған қарудың көшірмелері;

      6) осы тармақта көрсетілген қарудың, оның ішінде сынақтық, үлгілік, жарақталмаған бос және оқу-жаттығу парондары;

      7) өндірістік немесе оқу үрдісін жүзеге асыру, зерттеу, әзірлеу, сынау не олардың көрсетілген мақсаттарда жасалған бірлі жарым даналары үшін арналған қарулар мен патрондар;

      8) қару моделдері (конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар, қару конструкциясында жасалған және оның әрекетін имитациялайтын);

      9) қару моделі болып табылмайтын конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар;

      10) қару және патрон муляжы (қару және патрон ретінде пайдалануға келмейтін сыртқы сипаты қарулар мен патрондарға ұқсас шығарылған бұйымдары);

      11) қысқа ұңғылы ойық және автомат қаруы.;";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Заңды тұлғалардың қызметкерлеріне қызметке шығу үшін қару мен оның патрондарын беру оларға бекітілген қызметті қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады

      Қару мен оның патрондарын тәулік бойы бекеттер үшін берген жағдайда қару мен оның патрондарын беру және қабылдау журналына қару алған қызметкерге жазба жүргізіледі, одан әрі тәулік бойы бекетте қару мен оның патрондарын беру мен қабылдаудың қосымша журналы жүргізіледі, онда ауысымға түсетін қызметкерлерге қару мен оның патрондарын қабылдау және беру жазбасы жүзеге асырылады.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Ішкі істер органдары қаруды тіркеу кезінде осы қаруды сақтауға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 133 бұйрығыменбекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы, атыс тирлерін (атыс алаңдары) және стенділерді ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16733 болып бекітілген) бекітілген нысан бойынша қаруды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар негізінде бес жыл мерзімге береді.

      Жеке тұлғалардың белгi беру және оқсыз атылатын қаруы ішкі істер органдарында тіркеледі.

      Бұл ретте ішкі істер органдары оны сақтауға рұқсат бермейді.

      Жеке және заңды тұлғалар сатып алған белгi беру және оқсыз атылатын қару 7 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында тіркеледі.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Байланыс тораптарында, арнайы байланыс бөліністерінде автономдық сигнализация және салмағы кемінде 700 кг ауыр сейфтер болған жағдайда қару мен патрондарды сақтауға рұқсат беріледі.";

      131-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131-1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мәдениет ұйымдарында (оқсыз атылатын қару бөлігінде) оқсыз атылатын, пневматикалық қаруды және оның оқтарын сақтау және пайдалану:

      1) ұйым басшысының бұйрығымен пневматикалық және оқсыз атылатын қарудың сақталуын, есепке алынуын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын адам тағайындалады;

      2) мәдениет ұйымдарының (оқсыз атылатын қару бөлігінде), оқу орындарының ғимараттарында пневматикалық және (немесе) оқсыз атылатын қаруды сақтау үшін мынадай талаптарға жауап беретін үй-жайлар пайдаланылады:

      басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшалануы тиіс, күрделі қабырғасы, темірбетон төбесі мен едені болу қажет;

      пневматикалық және (немесе) оқсыз атылатын қару сақталатын үй-жайдың периметрі болып табылатын күрделі емес қабырғалар, темірбетон емес төбесі мен едені 5 мм. кем емес диаметрімен болат шыбықтан жасалған металл торлармен көркемделеді. Шыбықтар әр қиылыста 150х150мм ұяшықтар құрып, пісіріледі;

      3) от комнаты для хранения оружия имеются два комплекта ключей. Один комплект ключей находится у лица, ответственного за сохранность оружия, второй комплект ключей – в опечатанном тубусе (пенале) хранится у руководителя учебного заведения в сейфе.";

      132-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "132. Заңды тұлғалар - жеткізушілер қару мен оның патрондарын арнайы жабдықталған қоймада (қару-жарақ бөлмесі) сақтайды, ол мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған болуы, қабырғалары қалың, төбе жабыны мен едені темірбетонды болуы тиіс;

      арнайы жабдықталған қойманың күзетілетін аймағының периметрі болып табылатын қалың емес қабырғалар, темірбетонды емес төбе жабулар мен еден диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе жиегі кемінде 14 мм төртбұрышты болат шыбықтан орындалған металл тормен қапталады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;

      2) екі есігі, бұл ретте қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан жасалған сыртқы металл есігі, торланған болаттан жасалған ішкі есігі немесе болат рол-қақпасы болуға тиіс;

      сыртқы есік автоматты "ілмешегі" бар ішкі құлыппен жабылады, "жеткізгішпен" және "дабыл түймесін" басқан кезде іске қосылатын резервтік қоректендіргіші бар бұғаттаушы құрылғымен жабдықталады, ішкі тор есік немесе рол-қақпасы ішкі немесе аспалы құлыппен жабылады;

      арнайы жабдықталған қойма есігі ойығының жиегі (есіктің қорабы) диаметрі 10-12 мм арматуралы болаттан жасалған кемінде он шегемен қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылған болат профильден жасалады;

      3) қару мен патрондар стеллаждарда, пирамидаларда немесе металл жәшіктерде (шкафтарда) сақталады;

      4) қару оқ атуға жарамсыз күйде бөлшектелген түрде сақталады, оқ атуға тікелей қатысатын қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері жеке сейфтерде сақталады.

      Ескертпе: ату үшін жарамсыз күйге келтіру мақсатында ату өндірісіне тікелей қатысатын негізгі бөліктердің бірі алынып тасталады және жеке сейфте сақталады. Негізгі бөліктердің бірін қаруды толық бөлшектемей алу мүмкін болмайтын қаруларда оны атуға жарамсыз ететін арнайы бекіткіштер орнатылады.

      5) желдеткіш терезелер, люктер болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкіндігін болдырмайтын көлемі 150x150 мм аспайтын тор көздері бар болат тор орнатылады. Инженерлік желілерді тартуға арналған қабырғалардағы тесіктердің диаметрі 200 мм аспайды;

      6) терезелер болған жағдайда, оларға болат торлар, сондай-ақ металл қақпақтар немесе рол-ставнялар орнатылады. Торлардың, қақпақтардың және рол-ставнялардың жиектері диаметрі 10-12 мм болат арматурадан жасалған істікпен қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылады. Шалқасынан ашылатын терезе қақпақтары берік аспалы немесе ішкі құлыптарға жабылады. Есік, терезе ойықтарына орнатылатын торлар диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе қалыңдығы кемінде 14 мм шаршы болат шыбықтан, ал қақпақтар қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан жасалады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;

      7) өртке қарсы құралдар болуы керек;

      8) қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктер (шкафтар) кілттерінің екі жиынтығының болуы;

      бұғаттаушы құрылғылардан басқа, кілттердің бір жиынтығы - қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екіншісі ұйым басшысында, сондай-ақ онда бұғаттаушы құрылғылардың барлық кілттері болады;

      9) электрмен қоректендіру қалқанына дейін жасырын сым тарту арқылы жасалған екі және одан көп күзет-өрт дабылы құралдарымен жабдықталады, терезелерді, есіктерді, люктерді ашқанда, әйнекті бұзғанда немесе қабырғаларды, төбелерді, едендерді, жәшіктерді (шкафтарды) бұзғанда және адам кіргенде іске қосылатын датчиктер орнатылады (күзет дабылы құралдарының шлейфтерін үй-жайдың ішіне ғана жүргізуге рұқсат етіледі);

      жұмыстан тыс уақытта арнайы жабдықталған қойма оператор-фирмалар мен ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінің арасында орнықты байланыс орната отырып, оператор-фирмалардың орталықтандырылған бақылау пульттеріне сигнализация қосылып, күзетуге тапсырылады;

      жұмыс уақытында арнайы жабдықталған қойманы қару мен оның патрондары саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің қаруға рұқсаты бар жауапты қызметкері немесе заңды тұлғаның басшысы ғана ашады.

      Қойманың есіктері, дүкеннің қаруға рұқсаты бар қызметкерлерінің кіріп-шығуын, сондай-ақ олардың қару мен патрондарды, қарудың қосалқы бөлшектері мен оқ-дәріні әкеліп-әкетуін қоспағанда, жабық күйінде болады;

      10) жалпы алаңы кемінде 10 м2 арнайы жабдықталған қойма сөрелерінде мыналарды:

      150 кг аспайтын түтінсіз оқ-дәріні;

      тегіс ұңғылы қарудың 500 000 дана патронын;

      тегіс ұңғылы қаруға 500 000 дана спорттық патронын;

      ойық ұзын ұңғылы қарудың ортадан соққылайтын 300 000 дана патронын;

      ойық ұзын ұңғылы спорт қаруының ортадан соққылайтын 300 000 дана патронын;

      ойық ұзын ұңғылы қарудың бүйірден соққылайтын 500 000 дана патронын;

      5,6 калибрлі ойық ұзын ұңғылы спорт қаруына бүйірден соққылайтын 2 000 000 дана патронын;

      қысқа ұңғылы ойық қарудың 50 000 дана патронын;

      қысқа ұғылы спорт қаруына 250 000 дана патронын;

      газды, травматикалық патронмен ату мүмкіндігі бар газды, ұңғысыз травматикалық қарудың 150 000 дана патронын;

      жарық-дыбыстық әсері бар 10 000 дана патронды сақтауға рұқсат етіледі;

      жекелеген жағдайларда, арнайы жабдықталған қойма алаңының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару санының өзгеруіне байланысты оқ-дәрі мен патрондардың көрсетілген шекті саны азайтылады немесе көбейтіледі. Өзгерістер туралы ішкі істер органына хабарланады.

      келісу хат жыл сайын еркін нысандағы жеке құжатпен ресімделеді, онда қару-жарақ бөлмесінің алаңы және ондағы нақты болған қарудың, қосалқы бөлшектерінің, түрлері мен калибрлері бойынша патрондарының нақты саны көрсетіледі және сақталатын түрлері мен калибрлері бойынша патрондарды азайту немесе көбейту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.

      11) азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлға басшысының немесе қару мен патрондар саудасы бойынша мамандандырылған дүкен директорының бұйрығымен қару мен оның патрондарының сақталуына жауапты адам тағайындалады.";

      133-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) терезе ойықтарындағы жапқыштарды қоспағанда, осы Қағидалардың 132-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкестігі;";

      135-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "135. Жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтауы қару иесінің тұрғылықты жері бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      10 тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын қоспағанда, белгі беру қаруын, пневматикалық қаруды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды, өзін-өзі қорғау қаруын сақтау үй-жайларда орналасқан, құлыппен жабылатын, металдан, ағаштан немесе пластикадан жасалған шкафтарда (бұл ретте ағаштан немесе пластикадан жасалған шкафтардың қабырғаларының қалындығы 5 мм. кем емес) жүзеге асырылады және шкафтарға рұқсаты тек қару иесінде болуы тиіс.";

      136-тармақтың 1), 5) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғалардың қаруы ОСП-ға (қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдаланылатын қызметтік қаруды қоспағанда), оқ атуға жарамсыз күйде жинақталмаған түрде сақтауға беріледі, оқ атуға тікелей қатысатын қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына ұсынылғаннан кейін заңды тұлғаларда сақталады заңды тұлға арасында оны сақтауға арналған осы Қағидаларға 27, 28-қосымшаларға сәйкес шарт негізінде қару, орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын және қару иесі.

      ОСП сақтауға беру қарудың тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға және қару иесі арасында оны сақтауға келісімшартын осы Қағиданың 27, 28 қосымшаларына сәйкес ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде қару иесі қару тіркелген қару иесінің бұрынғы тұрғылықты жері бойынша азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі аумақтық бөлінісіне қару иесінің жаңа тұрғылықты жері бойынша орналасқан ОСП-мен жасалған алдын ала келісімшартты ұсынады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 390-бабы);

      Ескертпе: атуға жарамсыз күйге келтіру мақсаттары үшін қаруды атуға жарамсыз ететін арнайы бекіткіштерді орнатуға жол беріледі;

      5) азаматтық және қызметтік қаруды ОСП-ға берген кезде орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару иесі арасында осы Қағидалардың 27, 28-қосымшаларына сәйкес үш данада қаруды сақтауға және қабылдау актісіне (бұдан әрі-Акт) сәйкес шарт жасалады. Актінің бірінші данасы қару иесіне беріледі, актінің екінші данасы жазбаша хабарлау кезінде қаруды тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органына беріледі, актінің үшінші данасы қару мен патрондарды орталықтандырылған сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғада сақталады.

      Жеке немесе заңды тұлға азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға арналған шартты бұзған жағдайда ОСП бір жұмыс күні ішінде қаруды тіркеу орны бойынша аумақтық ішкі істер органын жазбаша хабардар етеді;

      15) Шартты ОСП-да сақталатын қарудың иесі ұзартпаған жағдайда қару мен патрондар ішкі істер органдарына беріледі.

      ОСП-да сақталатын қару иесі қайтыс болған немесе қайтыс болған қару иесін ОСП-ға тапсырған жағдайда, оның мүлкіне билік етуге құқығы бар отбасы мүшелері ОСП-ға өлімді растайтын құжаттарды (қайтыс болу туралы куәлікті) және қайтыс болған адамның мүлкіне билік ету құқығын ұсынады. Олардың негізінде шарт жасалады. Сақтау қаруды басқа адамға қайта тіркегенге дейін жүзеге асырылады;";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Қарудың, оқсыз атылатын қарудың көшірмелерін (реплика), сондай-ақ мәдени құндылығы бар қаруды алып жүруге өткізілетін іс-шаралардың өткізілуі мәдениет саласындағы және азаматтық, қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган келісілген жағдайда азаматтардың атқарушы билік органдары, музейлер, мемлекеттік немесе қоғамдық мәдени-ағартушы ұйымдардың және одақтардың тарихи және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде тарихи ұлттық костюмдермен ғана алып жүруге рұқсат етіледі.";

      154-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаруды алып жүруге:

      ішкі істер органында тіркелмеген, оның ішінде тіркеуге жатпайтын үрмелі қуаты 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 дейінгіні қоса алғандағы пневматикалық қаруды, қоғамдық орындарда ашық (қапсыз) түрде;

      атыс қаруынан жасалған массалық-габаритік макеттерді;

      осы Қағидалардың 152-тармағының талаптарын сақтамай, оқсыз атылатын қару;

      митингке, көше шерулеріне, демонстарцияларға, пикеттерге және басқа да көпшілік шоғырланған қоғамдық іс-шараларға қатысушы - азаматтарға;

      қоғамдық орындарда ашық түрде (қапсыз);

      ұлттық костюмнің жарағы ретінде рұқсатсыз алып жүруге жол берілмейді;

      3) қаруды:

      әйелдерге, мүгедектік нышандары айқын адамдарға, жас шамасы айқын немесе белгілі кәмелетке толмағандар топтасып және (немесе) қарулы шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайлардан басқа кезде оларға қарсы қолдануға;

      атыс, газды, электрлі қаруды (қорғаныс жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қаруды елді мекенде және сол үшін белгіленбеген жерде қолдануға жол берілмейді.";

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 1-қосымша алып тасталсын;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 2-қосымша алып тасталсын;

      3 тармақ азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларына 5 қосымшаға ескертпе нысан мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы металдар мен алмастарды, көмірсутек шикізатын, банктерді, электр станцияларын, жылу электр орталықтары мен электр беру желілерін, жарылғыш, улы және есірткі заттар қоймаларын (қоймаларын), радиоактивті материалдарды, мемлекеттік материалдық резервтер қоймаларын (қоймаларын), террористік тұрғыдан осал объектілерді өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді қамтамасыз ететін объектілерді күзету кезінде, сондай-ақ бағалы және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде теміржол және әуе көлігі, сондай-ақ, жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою мобильдік топтарының экипаждарына тегіс ұңғылы қаруға арналған патрондарды оқпен немесе № 0; № 1 оқпен тиеуге жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. М. Кожаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады