ЗҚАИ-ның ескуертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы лттық экономика министрінің м.а. |
Т. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
Тексеру парағы
_______ғарыш қызметі _______________________ саласында/аясында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138-бабына сәйкес
_______________________________________________________________ қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ___________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
__________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы_______________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы | ||
2 | Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы | ||
3 | Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының кемінде 10%-ының болуы | ||
4 | Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы | ||
5 | Жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жобаның болуы |
ауазымы қолы
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ ______________
лауазымы қолы
________________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)