Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларының 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 1177 бұйрығымен бекітілген |
Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген немесе ол әскери қызмет өткеруге байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындауды және төлеуді жүзеге асыруды нақтылайды.
2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыс:
1) әскери қызметші немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда құжаттарды ресімдеуді;
2) әскери қызметшіге немесе әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген жағдайда құжаттарды ресімдеуді;
3) әскери қызметші немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда құжаттарды ресімдеуді;
4) әскери қызметшілерге немесе әскери міндеттілерге, сондай-ақ олардың өтемақы алуға құқығы бар мұрагерлеріне өтемақы төлеуді қамтиды.
3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына (бұдан әрі – ЖӘБО) немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) ұсынылады.
4. ЖӘБО немесе әскери бөлімдер (мекемелер) өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде жинақтайды және оларды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығына (бұдан әрі – ЗҚО) жолдайды.
5. Әскери қызметшіге, әскери міндеттіге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді ЗҚО ұсынған құжаттар негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қаржылық қамтамасыз ету орталығы (бұдан әрі – ҚҚО) жүзеге асырады.
2-тарау. Әскери қызметші немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда құжаттарды ресімдеу
6. Әскери қызметші немесе әскери міндетті әскери қызмет өткеру (әскери жиындардан өту) кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қызметтен (әскери жиындардан) шығарылғаннан кейін мұрагерлеріне өтемақы төленеді.
7. Әскери қызметшінің немесе әскери міндеттінің қаза табу (қайтыс болу) себебін айқындау мақсатында ол әскери қызмет өткерген (әскери жиындардан өткен) әскери бөлім (мекеме) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Жарғы) 30-тармағы 10) тармақшасының талаптарына сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.
8. Әскери бөлім (мекеме) қызметтік тергеп-тексеруді жүргізгеннен кейін мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) әскери қызметшінің немесе әскери міндеттінің қаза табуын (қайтыс болуын) қызметтік тергеп-тексеру материалдарын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) адамның оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы;
3) әскери қызметшіні немесе әскери міндеттіні әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні.
Құжаттар ресімделгеннен кейін әскери бөлімдер (мекемелер) оларды мұрагерлердің тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
9. Әскери бөлімдер (мекемелер) отбасы мүшелеріне (жұбайына/зайыбына, балаларына, ата-анасына) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жолдайды.
10. Өтемақы алуға құқығы бар мұрагерлер ЖӘБО-ға Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. ЖӘБО осы Нұсқаулықтың 8, 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алып, оларды он жұмыс күні ішінде ЗҚО-ға жолдайды.
3-тарау. Әскери қызметшіге немесе әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген жағдайда құжаттарды ресімдеу
12. Өтемақы әскери қызметшіге немесе әскери міндеттіге ол әскери қызмет өткерген (әскери жиындардан өткен) кезеңде мүгедектік белгіленген жағдайда немесе әскери қызмет өткеру (әскери жиындардан өту) кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен (әскери жиындардан) шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін төленеді.
13. Әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертетін ауруды диагностикалау кезінде әскери қызметші немесе әскери міндетті "Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларының 2-тармағының 1) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландыруға жіберіледі.
14. Өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметші немесе әскери міндетті ЖӘБО-ға Қағидалардың 8 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
15. ЖӘБО осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұрған (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымның мөлшері туралы анықтаманы және әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) әскери қызметшіні немесе әскери міндеттіні әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы бұйрығынан үзіндіні сұратады.
16. ЖӘБО осы Нұсқаулықтың 14, 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алып, он жұмыс күні ішінде оларды ЗҚО-ға жолдайды.
4-тарау. Әскери қызметші немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда құжаттарды рәсімдеу
17. Әскери қызметші немесе әскери міндетті әскери қызмет (әскери жиындар) міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда оған өтемақы төленеді.
18. Әскери қызметші немесе әскери міндетті әскери қызмет (әскери жиындар) міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда әскери қызметші немесе әскери міндетті қызмет өткеретін (әскери жиындардан өтетін) әскери бөлім (мекеме) Жарғының талаптарына сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.
19. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін әскери бөлім (мекеме) одан әрі ЗҚО-ға жолдау үшін мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) әскери қызметшіге немесе әскери міндеттіге мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) алу фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарын;
2) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай қамтылымда тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі қаза тапқанның (қайтыс болғанның) ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы.
20. Өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметші немесе әскери міндетті әскери қызмет өткеретін (әскери жиындар өтетін) әскери бөлімге (мекемеге) Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
21. Осы Нұсқаулықтың 19, 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар жинақталғаннан кейін әскери бөлімдер (мекемелер) 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды ЗҚО-ның мекенжайына жолдайды.
5-тарау. Әскери қызметшілерге немесе әскери міндеттілерге өтемақы төлеу
22. Өтемақы төлеуге құжаттар келіп түскеннен кейін ЗҚО мамандары материалдарды барлық қажетті құжаттардың болуына тексереді. Толық емес, нақты емес немесе қарама-қайшы мәліметтерден тұратын құжаттар келіп түскен жағдайда ЗҚО қайтару себебін жазбаша түсіндіре отырып, құжаттарды келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға қайтарады.
23. Өтемақы төлеуден бас тартқан жағдайда ЗҚО өтініш иесіне және ЖӘБО-ға 5 (бес) жұмыс күні ішінде белгіленген тәртіппен бас тартудың себептерін түсіндірумен хат жолдайды.
Өтемақы төлеуден бас тартылған өтініштер осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Біржолғы өтемақы төлеуден бас тарту бойынша материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.
24. Өтемақы төлеуге құқығы, сондай-ақ қажетті барлық құжаттар толық болған кезде ЗҚО осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге есепті жинақтайды және құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды төлеу үшін ҚҚО-ға жолдайды.
Әскери қызметші немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы төлеуге есептер әрбір мұрагерге жасалады.
25. Әскери қызметші немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы төлеу үшін ҚҚО-ға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;
3) "Нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13561 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік.
4) мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілген өтемақы алуға құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін (жеке куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері);
5) әрбір мұрагерге банк шотының нөмірі туралы мәлімет;
6) сот-медициналық (паталогоанатомиялық) сараптама қорытындысының көшірмесі (бар болған кезде);
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қайтыс болуы туралы медициналық куәліктің көшірмесі (бар болған кезде);
8) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқанның (қайтыс болғанның) оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтама;
9) әскери қызметшіні немесе әскери міндеттіні әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзінді;
10) әскери қызметшінің немесе әскери міндеттінің әскери қызмет өткерумен (әскери жиындардан өтумен) байланысты қаза табуын (қайтыс болуын) қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
11) әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты әскери-дәрігерлік комиссияның қайтыс болуға әкеп соқтырған мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысы туралы қорытындысы.
26. Әскери қызметшіге немесе әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы төлеу үшін ҚҚО-ға мынадай құжаттар жолданады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), ауруының әскери қызмет өткерумен (әскери жиындардан өтумен) себептік байланысы туралы ӘДК қорытындысының нотариат растаған көшірмесі;
4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
5) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұратын (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтама;
6) әскери қызметшiнi немесе әскери міндеттіні әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы әскери бөлiм командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзінді;
7) банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
27. Әскери қызметші немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) алған жағдайда өтемақы төлеу үшін ҚҚО-ға мынадай құжаттар жолданады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алған мертігуінің (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) ауырлық дәрежесі (ауыр немесе жеңіл) туралы әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасы;
4) әскери қызмет міндеттерін орындау (әскери жиындардан өту) кезінде мертігуін (жаралануын, жарақаттануын, контузия алуын) қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
5) оқиға болған сәтте әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтама;
6) банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
28. ҚҚО алушыларға барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап eкі ай iшiнде, ал осы шығыс түрін қаржыландыру болған кезде құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтемақы төлеуді жүргізеді.
29. ҚҚО өтемақы төлеуді жүргізгеннен кейін ЗҚО-ға 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге шоттардың көшірмелерін жолдайды.
30. ЗҚО 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге шот көшірмесін алғаннан кейін өтініш иесіне өтемақы төлеуге шоттың нөмірін, күнін және сомасын көрсетумен өтемақыны аудару туралы жазбаша хабарламаны жолдайды және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтініштерді тіркеу журналына жазба жасайды.
АНЫҚТАМА
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 2-тармағына сәйкес әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде не әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) немесе науқастану нәтижесінде қызметтен шығарылғаннан кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, әскери қызметшінің мұрагерлеріне қаза тапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу жүргізілетіні туралы
_______________________________________________________ берілді.
(мұрагердің Т.А.Ә. (бар болса)
______________________________________ қайтыс болуына байланысты
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
оның мұрагерлері қаза тапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы
бойынша бес жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы өтемақы алуға
үміткер.
_______________________________________________ қаза табу себебінен
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
қаза тапқан күні соңғы атқарған лауазымы бойынша біржолғы өтемақының
мөлшері _________________________ теңгені құрайды.
(сомасы жазбаша)
Анықтама мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алу үшін берілді.
Мекеме басшысы __________________________________________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса) МО
Біржолғы өтемақыны төлеуден бас тарту бойынша материалдарды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
Р/с | Әскери атағы | Т.А.Ә. (бар болса) | Келіп түскен күні мен нөмірі | Материал қайдан келіп түсті | Залалды өтеу себебі (қайтыс болу, мүгедектік, ауыр немесе жеңіл жарақат) | Өтемақыны төлеуден бас тарту себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Біржолғы өтемақы төлеуге есеп
Құжаттардың келіп түскен күні_______________________________________
Оқиғаның атауы ___________________________________________________
(қаза табуы (қайтыс болуы), мүгедектігі, мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
Оқиға болған күн ___________________________________________________
Зардап шеккен адамның атағы, Т.А.Ә. (бар болса) _______________________
Зардап шеккен адамның ЖСН ________________________________________
Әскери бөлім (мекеме) ______________________________________________
Шығарылған күні ___________________________________________________
(шығарылған кезде толтырылады)
Өтемақы есебі
Лауазымдық айлықақы (ЛА) __________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Әскери атағы бойынша айлықақы (ӘА) _________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Ақшалай қамтылым (АҚ) _____________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) _______________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Өтемақы мөлшері ___________________________________________________
Өтемақы есебі ______________________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Өтемақы сомасы ____________________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Өтемақыны алушы туралы ақпарат:
Алушының Т.А.Ә. ___________________________________________________
Алушының ЖСН ____________________________________________________
Банк филиалы _______________________________________________________
Карточкалық (дербес) шот нөмірі _______________________________________
Алушының мекенжайы________________________________________________
Алушының телефоны _________________________________________________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Зейнетақымен қамсыздандыру
орталығының қызмет бастығы_______________________________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Зейнетақымен қамсыздандыру
орталығының (құқықтық жұмыс жөніндегі) офицері ____________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Зейнетақымен қамсыздандыру
орталығының бастығы ___________________________________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)