"Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 492 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 123 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 желтоқсанда № 31102 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 ж. қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5-тармаққа, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 17371 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді";

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекелдің жоғары немесе орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейіне адамның өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары мынадай:

      тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;

      электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау;

      өңдеу өнеркәсібі;

      құрылыс;

      тасымалдау және сақтау;

      сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлу;

      ақпарат және байланыс;

      ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты экономикалық қызмет түрінде қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатқызылады.

      Сонымен қатар объективті өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттың жүйесінің есептілік деректеріне сәйкес 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын бақылау субъектілері тәуекелдердің жоғары деңгейіне жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің орташа дәрежесіне денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, cпорт, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану жөніндегі қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй-жайларда жүзеге асыратын өндірістік емес саланың бақылау субъектілері жатады.";

      9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және аталған көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – болмашы елеулі бұзушылықтардың саны;

      10. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден бастап 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      SР = SРз + SРн

      мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.

      11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 41-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 40-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      12. Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері қызметінің салалары үшін бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату мақсатында жұмсартатын индикаторлар ескеріледі.

      Жеңілдететін индикаторларға:

      1) деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы;

      2) деректерді мемлекеттік органдар жүйесіне беретін датчиктер мен басқа да бекіту құрылғыларының болуы (су датчиктері, атмосфераға шығарындыларды тіркеу датчиктері) жатады.

      3) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес берілетін бақылау субъектісінде жұмыс берушінің қызметі; Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін растайтын сенім сертификатының болуы.";

      мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:

      "16. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.

      18. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.";

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Қуантыров

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитет

  Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын сақтаудағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша /

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Р/с №

Еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекелдер өлшемшарттары

Бұзушылық дәрежесі

1-тарау. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар

1

Ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның болуы

Өрескел

2

Зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаның болуы

Өрескел

2-тарау Алдыңғы тексерулердің және субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

3

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу сонымен қатар, зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар

Өрескел

4

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға хабарлау

Өрескел

5

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру

Өрескел

6

Жұмыскердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын сақтау

Өрескел

7

Жұмыскерлерге демалу және тамақтану үшін үзіліс беру

Өрескел

8

Ауысымішілік және арнайы үзілістер беру

Өрескел

9

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

Өрескел

10

Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету

Өрескел

11

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын төлеуді растайтын құжаттың болуы

Елеулі

12

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері

Елеулі

13

Өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы

Елеулі

14

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы

Өрескел

15

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету

Елеулі

16

Жұмыс орындарында жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті техникалық паспорты (сертификаты), ескерту белгілері мен қоршаулары немесе қорғау құрылғылары бар жабдықтың осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетін жұмыс жабдығының болуы

Өрескел

17

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы

Елеулі

18

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

Елеулі

19

Жұмыс берушінің оңалтудың жеке бағдарламасында көзделген, жұмыс берушінің кінәсінен алынған еңбек жарақатынан, кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы

Елеулі

20

Жұмыскерден жазбаша түрде түсіндіруді, жұмыскерді жұмыс берушінің қол қою арқылы тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен таныстыруды талап етуді көздейтін тәртіптік жазаларды қолдану тәртібін сақтау

Елеулі

21

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдердің талаптарын орындау

Елеулі

22

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы

Өрескел

23

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау

Елеулі

24

Еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары бөлігінде, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу кезінде жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік

Өрескел

25

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы

Елеулі

26

Айлық жалақының ең төменгі мөлшерін жүзеге асыру бойынша кепілдіктерді сақтау

Елеулі

27

Ерекше жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскердің еңбек, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқаруына байланысты шығындарды өтеуіне байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру

Елеулі

28

Жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру

Елеулі

29

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды беру (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, Жұмыс берушінің актілерінен үзінді көшірмелер, жұмыскерлерге жалақы беру ведомосінен үзінді көшірмелер, қызметтік тізім, дуальды оқыту туралы шарт)

Болмашы

30

Мамандық (біліктілік, лауазым), жұмыс уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген анықтама жүгінген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талабы бойынша қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа қатынасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсыным беру

Болмашы

31

Жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші-жеке тұлға қызметі тоқтатылған кезде қызметкер алдында берешек болған кезде тиісті түрде ресімделген жалақы және өзге де төлемдер бойынша пайда болған берешектің мөлшері туралы анықтама беру

Болмашы

32

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау

Болмашы

33

Жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер мен орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты қызметкерлердің алдағы босатылуы туралы халықты жұмыспен қамту орталығына ақпарат ұсыну

Болмашы

34

Жұмыспен қамту орталығына еңбек жағдайлары мен ақы төлеуді көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жолдау

Болмашы

35

Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

Болмашы

 
36

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сонымен қатар жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы.
Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.

 
Өрескел

37

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру, төлеу, шектету, жүргізілген ұсталымдар, демалыстар беру, қосымша төлемдерін белгілеу және кепілдіктер бөлігінде тиісті тұрде қабылдаған актілердің сәйкес келуі

Болмашы

38

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу

Елеулі

39

Өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылау жүргізу

Өрескел

40

Мәжбүрлі еңбекті пайдалануға тыйымды сақтау

Өрескел

3-тарау. Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

41

Жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру шартының жасалмауы туралы мәліметтердің болуы

Өрескел

4-тарау. Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері

42

Кәсіпорындар ұсынатын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу нәтижелерін Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы республиканың зиянды, ауыр және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар кәсіпорындары бойынша мәліметтерімен салыстыру кезіндегі сәйкессіздіктердің анықталуы

Елеулі

43

Басшылар мен қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша білімдерін тексерудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі

Өрескел

44

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына байланысты аттестаттау бойынша есептерден мынадай көрсеткіштерге сәйкессіздікті анықтау:
1) өндірістік орта факторларының зияндығы мен қауіптілігі;
2) жеке қорғаныс құралдарын беру нормасына сәйкес қамтамасыз ету;
3) жарақаттану қауіпсіздігі;
4) еңбек процесінің ауырлығы;
5) еңбек процесінің шиеленісі;

Өрескел

5-тарау. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

45

Тексеру нәтижелерімен расталған жалақы төленбеу (үш немесе одан көп ай) мәселесі бойынша бір жыл ішінде жеке тұлғалардың жүгінуі туралы бірнеше фактілер (екі және одан да көп) не бiр ұжымдық өтiнiш

Өрескел

  ";
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1022 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 801 бірлескен бұйрығына
2-қосымша /

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      Жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға, заңды

      тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты

      _________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының

      халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісі) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау

      туралы акт __________________________________________________________

      ____________________________________________________________ №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________

      ____________________________________________________________________

      (Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес сәйкестендіру

      нөмірі_______________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы________________________________________________


Р/с №

Талаптардың тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

 
1

Арнайы тергеуге жататын жағдайларды қоспағанда, жазатайым оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу



 
2

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға хабарлау



 
3

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру



 
4

Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын сақтау



 
5

Жұмыскерлерге демалу және тамақтану үшін үзіліс беру



 
6

Ауысымішілік және арнайы үзілістер беру



 
7

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу



 
8

Жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй жайларда жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарды қоспағанда, жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету



 
9

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағының төленгенін растайтын құжаттың болуы



 
10

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері



 
11

Жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй жайларда жүзеге асыратын өндірістік емес сала ұйымдарын қоспағанда, жұмыс берушінің өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижелері туралы есептің болуы



 
12

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы



 
13

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету



 
14

Жұмыс орындарында жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті техникалық паспорты (сертификаты), ескерту белгілері мен қоршаулары немесе қорғау құрылғылары бар жабдықтың осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетін жұмыс жабдығының болуы



 
15

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы



 
16

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс



 
17

Жұмыс берушінің оңалтудың жеке бағдарламасында көзделген, жұмыс берушінің кінәсінен алынған еңбек жарақатынан, кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы



18

Жұмыскерден жазбаша түрде түсіндіруді, жұмыскерді жұмыс берушінің қол қою арқылы тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен таныстыруды талап етуді көздейтін тәртіптік жазаларды қолдану тәртібін сақтау



 
19

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдерінің талаптарын орындау



20

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы



21

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау



 
22

Жұмыскерлерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз, оның ішінде персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу кезінде жіберуші Тараптың қызметкерлеріне қатысты тең өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету



 
23

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы



 
24

Айлық жалақының ең төменгі мөлшерін жүзеге асыру бойынша кепілдіктерді сақтау



25

Ерекше жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскердің еңбек, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқаруына байланысты шығындарды өтеуіне байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру



26

Жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру



 
27

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды беру (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, Жұмыс берушінің актілерінен үзінді көшірмелер, жұмыскерлерге жалақы беру ведомосінен үзінді көшірмелер, қызметтік тізім, дуальды оқыту туралы шарт)



 
28

Мамандық (біліктілік, лауазым), жұмыс уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген анықтама жүгінген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қызметкердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің) талабы бойынша қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа қатынасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсыным беру



 
29

Жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші-жеке тұлға қызметі тоқтатылған кезде қызметкер алдында берешек болған кезде тиісті түрде ресімделген жалақы және өзге де төлемдер бойынша пайда болған берешектің мөлшері туралы анықтама беру



 
30

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау



 
31

Жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер мен орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты қызметкерлердің алдағы босатылуы туралы халықты жұмыспен қамту орталығына ақпарат ұсыну



 
32

Жұмыспен қамту орталығына еңбек жағдайлары мен ақы төлеуді көрсете отырып олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жолдау



 
33

Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау



 
34

Жұмыс берушінің жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамасы немесе ішкі істер органдары беретін еңбекші көшіп келушіге рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сондай-ақ жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерді лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа)тартуы лауазымына (кәсібіне немесе мамандығына)сәйкес келмейтін, жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатында көрсетілген.
Рұқсаттар бойынша жұмыс беруші тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны жіберуші Тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасқа сәйкес келуге тиіс.



 
35

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер, беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу, ұстап қалу бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты қабылдаған актілердің болуы



 
36

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу



 
37

Өндірістік емес саладағы ұйымдарды (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер), оның ішінде жұмыскерлері офистік үй жайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру



 
38

Жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарды қоспағанда, мәжбүрлі еңбекті пайдалануға тыйым салуды сақтау



      Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің басшысы __________________ ____________

      (лауазымы, қолы)

      ___________________________________________________________________";

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады