"Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 493-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 135 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31253 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 135 мен
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 493-НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің

      _________________________________________________________ саласында/аясында

      138-бабына сәйкес

      _________________________________________________ сауда объектiлеріне қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау



      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                   қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________

      _______________________________________________ ____________________

      лауазымы                         қолы

      _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады