Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13417 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.09.2024 № 344-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.10.2024 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а.22.12. 2022 № 493-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2022 № 135 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде сақталуын тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.09.2024 № 344-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.10.2024 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсіпкерлік саласында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6926 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259 (26657) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      _____________________ С. Айтпаева

      2016 жылғы "____"___________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.09.2024 № 344-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.10.2024 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      ____________________________________________ сауда объектiлеріне қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы _____________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган/ бақылау субъектісіне

      (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау _______________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________________

      _____________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекен жайы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау.



2.

Сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жеткізу.



      Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________ _________________

                              лауазымы                               қолы

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________ _________________

                              лауазымы                               қолы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады