Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31285 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11236 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38, 40 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 22, 27 тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің Қағидаларына 7-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокуратураға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2022 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 245 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
прокуратурасының
органдарына, ведомстволарына
және мекемелеріне келісімшарт
бойынша әскери қызметке
кіру үшін азаматтар ішінен
кандидаттарды кәсіби және
психологиялық іріктеу бойынша
іс-шараларды жүргізу, іріктеу
комиссиясының құрылуы
мен қызметінің Қағидаларына
7-қосымша

Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды компьютерлік тестілеуден өткізу бағдарламасы

Әскери лауазымдар

Бағдарлама

Тапсырмалар саны

офицерлік құрам

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Конституциялық заңын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (7 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (3 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" (5 сұрақ), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік Жарғысын (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

120 сұрақ

қатардағы және сержанттық құрам

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіп Жарғысын (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды

90 сұрақ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады