ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 31.12.2022 дейін (осы бұйрықтың 4 т. қараңыз).БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
көрсетілген Қағидаларға 1-1-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | 85 % | "Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" РМҚК |
";
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
15. | 91 % | "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК |
";
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
16. | 94,8 % | "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" РМҚК |
";
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30. | 94,8 % | "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК |
".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі