"Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 1323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31296 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау және Қағидаларға 1-қосымшаның 2-нысанына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрауды (бұдан әрі – сұрау) салады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.

      Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жалға алу келісім-шарттың нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат алу үшін портал арқылы сұрау (бұдан әрі – сұрау) салады және куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған кезде, бір рет қолданылатын пароль арқылы қолын қояды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелді) белгіленеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде деректер енгізу автоматтандырылды.

      Осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алады.

      Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңарып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1323 Бұйрыққа
1-қосымша
  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-
саттыққа қою кестесіне
енгізілген мемлекеттік мүлік
туралы ақпарат пен
материалдар)" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

      1-нысан

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған сұрау

      1. "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі" (бұдан әрі – БСН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      тең;

      тең емес;

      кіреді;

      кірмейді;

      қамтиды;

      басталады;

      аяқталады.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      2. "Атауы (орыс тілінде)" өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      тең;

      тең емес;

      кіреді;

      кірмейді;

      қамтиды;

      басталады;

      аяқталады;

      сөздерді қамтиды.

      және "Берілмеген" жиегінде іздеу мәнін енгіземіз.

      3. "Ұйымдық-құқықтық нысан" (бұдан әрі – ҰҚН) өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      акционерлік қоғам (бұдан әрі – АҚ);

      мемлекеттік мекеме;

      жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ЖМК);

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ШМК);

      еншілес кәсіпорын (бұдан әрі – ЕК);

      басқа да коммерциялықұйымдар;

      басқа да коммерциялықемесұйымдар;

      өкілдік;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС);

      филиал.

      4. "Бұғаттау" өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      1) белсенді;

      2) қашықтағы.

      5. "Аумақ" өлшемшарты бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:

      кіреді;

      кірмейді.

      және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:

      Қазақстан:

      Ақмола облысы;

      Ақтөбе облысы;

      Алматы облысы;

      Алматы қаласы;

      Астана қаласы;

      Шымкент қаласы;

      Атырау облысы;

      Шығыс Қазақстан облысы;

      Жамбыл облысы;

      Батыс Қазақстан облысы;

      Қарағанды облысы;

      Қостанай облысы;

      Қызылорда облысы;

      Маңғыстау облысы;

      Абай облысы;

      Жетісу облысы;

      Ұлытау облысы;

      Павлодар облысы;

      Солтүстік Қазақстан облысы;

      Түркістан облысы.

      2-нысан

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға арналған сұрау

      1. Объектіні қарау кезінде

      1) объект жөнінде ақпарат көрсетіледі:

      объектінің сәйкестендіргіші;

      БСН;

      салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – КҰЖЖ);

      атауы (орыс тілінде).

      2) қосымша мәліметтер:

      атауы (қазақ тілінде);

      ҰҚН;

      меншік нысанының коды (бұдан әрі – МНК (4-деңгей);

      МНК;

      қаржыландыру көзі;

      мемлекеттік тіркеу №;

      мемлекеттік тіркеу күні;

      алғашқы мемлекеттік тіркеу күні;

      мәртебесі;

      бұғаттау;

      мемлекеттік басқару органы;

      меншік иесі;

      сала (1-деңгей);

      сала (4-деңгей).

      3) қосымша:

      байланыстар:

      бірінші басшы;

      бас бухгалтер;

      ел;

      индекс;

      облыс;

      аймақ;

      елді мекен, үй, пәтер;

      телефон;

      факс;

      е-mail;

      веб-сайт.

      4) мекенжай тіркелімі

      мекен жайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК);

      республика;

      облыс;

      аудан;

      ауылдық округ;

      ауыл (село);

      көше;

      мекенжай.

      5) тәуелді ұйымдар:

      бағынысты;

      құрылған.

      6) жарғылық капитал

      жарғылық капитал, теңге (АҚ, ЖШС, ШМК және ЕК үшін қолданылады);

      мемлекеттік салым, теңге;

      мемлекеттік қатысу, %;

      мемлекеттік пакет, дана (тек АҚ үшін);

      тіркеуші;

      бос салымы, теңге;

      бос акциялар, дана (тек АҚ үшін);

      акцияларға ауыртпалық салынды, дана (тек АҚ үшін).

      7) негізгі сәйкестендіргіштер;

      8) мемлекеттiк кәсiпкерлiк

      мәртебесі;

      бұғаттау;

      жоспарлы күні;

      іс жүзіндегі күні;

      ескертпе;

      жарғы бойынша қызмет түрі;

      сала коды ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);

      сала ("Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысы бойынша);

      келісілген күні;

      шығару күні.

      9) сыртқы интеграциялары:

      жылжымайтын мүлік объектілері:

      объектінің түрі;

      қор;

      жер учаскесінің алаңы (гектар);

      қабат саны;

      пайдалы алаң (шаршы метр);

      құрылыс алаңы (шаршы метр);

      объектінің облысы;

      объектінің ауданы;

      құқықтүрі;

      жылжымайтын мүлік типі;

      функционалдық мақсаты;

      мекенжайы;

      объектінің кадастрлық нөмірі;

      бастапқы объектінің кадастрлық нөмірі;

      жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

      кадастрлық нөмір;

      жаңартылған күні;

      пайдалануға берілген жылы;

      салық салынатын құн (теңге);

      операция күні;

      ауыртпалықтардың болуы туралы мәліметтер;

      тыйым салудың болуы туралы мәліметтер.

      10) электрондық деректеме

      аудиторлық есептер;

      қаржы-шаруашылық қызметі бойынша құжаттар;

      өзге де құжаттама;

      басқару органдарының шешімдері;

      құрылтай құжаттары.

      11) есептер:

      АҚ, ЖШС, ШМК және ЖМК үшін:

      мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспары;

      мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуы бойынша есеп;

      ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар үшін:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспары;

      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп;

      Мемлекеттік мүлік тізіліміне ұсынылатын акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы;

      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың даму стратегиясының орындалуы жөніндегі есеп;

      ұйымдардың сыртқы және ішкі қарыздарды тартуы туралы тоқсан сайынғы ақпарат;

      акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қарыз алуы және оны өтеу кестесі, қаржылық тұрақтылығы туралы тоқсан сайынғы және жартыжылдықтағы ақпарат.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1323 Бұйрыққа
2-қосымша
  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі;
Мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген
мемлекеттік мүлік туралы
ақпарат пен материалдар)"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)

12

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

23

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)

34

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) минут

45

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

56

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.

67

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

78

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.

89

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға;
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалар туралы мәліметтер қарауға;
Мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдарды алуға арналған сұрау.

910

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

111

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www. minfin. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www. minfin. gov. kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1323 Бұйрыққа
3-қосымша
  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен
мемлекеттік мүлікті жалға
алушыға онымен жасалған
жалдау шарты бойынша
шарттың талаптары,
осындай шарт бойынша
есептеулер, өсімпұл мен
бюджетке аударылған
төлемдер бойынша
мәліметтермен бірге ақпарат
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік мүлік тізілімінен мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен бірге ақпарат беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) минут

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы шарт бойынша ақпарат

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс күндері мен мереке күндерін санамағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген кестеге сәйкес түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.
3) Бірыңғай байланыс орталығы – күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік мүлікті жалға алушыға онымен жасалған жалдау шарты бойынша шарттың талаптары, осындай шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен бюджетке аударылған төлемдер бойынша мәліметтермен жалға алу шартының нөмірі және жеке тұлға үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметті көрсете отырып, ақпарат алу үшін сұрау.

10

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

11

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған кезде бір рет қолданылатын парольді пайдалану шартында портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www. minfin. gov. kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. minfin. gov. kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады