Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15858 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.";
6-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға және мүгедектігі бар адамдардың жалақысына арналған шығыстар сметасы;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне жұмыс берушінің есеп шотына жалақыға субсидиялар аударады.
Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысына ай сайынғы субсидиялар мөлшері:
1) жұмысқа орналастырудың алғашқы 12 айында – жалақының 70%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды;
2) жұмысқа орналастырудың 13-24 айы аралығын қоса алғанда – жалақының 65%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 АЕК-тен аспайды;
3) жұмысқа орналастырудың 25-36 айы аралығын қоса алғанда – жалақының 60%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 АЕК-тен аспайды.";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға, мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
_______________________________________________________________
(ұйымның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
және жеке сейкестендіру нөмірі (ЖСН), байланыс жасайтын адамдар және телефондары) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiлген жағдайда мүгедектігі бар адамдар қатарындағы азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай арнайы жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с | Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр | Жұмыс орындарының жоспарланған саны | Еңбек шартын жасаудың жоспарлы мерзімі | Айлық жалақы мөлшерi, теңге | Халықты жұмыспен қамту орталығының арнайы жұмыс орнын жабдықтауға жоспарланатын субсидия мөлшері, теңге | Халықты жұмыспен қамту орталығының мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге арналған субсидиялардың жоспарланатын мөлшері, теңге |
Қатысудың бірінші жылында ___ теңге; |
Қосымша:
1. Арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға және және мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге арналған шығыстар сметасы;
2. Банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама.
Басшы _____________ _________ "Мөрдің орны (бар болса)" қолы күні
20__ жылғы ________ үшін ______________________________-дегі
(ай) (жұмыс берушінің атауы)
арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер
Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН-і) / жеке сейкестендіру
нөмірі (бұдан әрі – ЖСН): __________________.
Субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі:
_________________.
Қызмет көрсететін банктің атауы: __________________.
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен) | ЖСН | Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері | Айдағы жұмыс күндерінің саны | Нақты жұмыс істеген күндер |
Кестенің жалғасы
Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері | Аударылған жалақының сомасы, теңге | Зейнетақы жарналарының сомасы | Бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома, теңге |
Жұмыс берушінің Электрондық цифрлық қолтаңбасы