Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 506-209 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26721 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 1 ақпандағы
№ 506-209 Қаулысымен
бекітілген

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

      Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі бойынша базалық бағаны осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, см2 - мен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – см2 есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі

  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық
саясатты жүргізу үшін сатып
алынатын көрсетілетін
қызметтердің құнын айқындау
әдістемесіне қосымша

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жыл (теңге)

2023 жыл (теңге)

2024 жыл және алдағы жылдар (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таралатын баспа басылымындағы (газет) қызмет (ақпараттық материалды (мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылық комментарий, инфографика/ коллаж, фото) әзірлеу және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

577

606

636

2.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таралатын баспа басылымындағы (газет) қызмет (ақпараттық материалды (мақала/сұхбат, талдау, лонгрид, фоторепортаж, журналистік зерттеу, очерк, сарапшылық комментарий, инфографика/ коллаж, фото) әзірлеу және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

303

318

334

3.

Баспа басылымындағы (журнал) қызмет (ақпараттық материалды (репортаж, сұхбат, мақала, шолу, очерк, логотип орналасқан арнайы айдар, инфографика/коллаж, фото) әзірлеу және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

213

224

235

4.

Интернет-ресурстағы қызмет (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) (Bi)

символ

74

78

82

5.

Қазақстан Республикасының аумағында таралатын телеарнадағы қызмет (ақпараттық материал (жаңалықтар сюжеті) әзірлеу және орналастыру) (Btv)

минут

186 300

195 615

205 395

6.

Қазақстан Республикасының аумағында таралатын телеарнадағы қызмет (деректі фильм әзірлеу және орналастыру) (Btv)

минут

187 500

196 875

206 718

7.

Радиоарнадағы қызмет (ақпараттық бағдарламаны әзірлеу және орналастыру) (Br)

минут

10 600

11 130

11 687

8.

Радиоарнадағы қызмет (аудиороликті әзірлеу және орналастыру) (Br)

секунд

191

200

211


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады