"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындамемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 506-209 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 506-2 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 8 қаңтарда № 1401-01 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 506-209 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26721 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Астана қаласының Ішкі

      саясат басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады