"Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 205-594 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 205-2206 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 тамызда № 29053 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 205-594 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 910 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Кульгинов

 

      КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу және
бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы
бойынша Экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
      "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетiнің
Нұр-Сұлтан каласының
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментi"
республикалық мемлекеттік
мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады