Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1-2553 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29608 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су кодексі 94-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Кульгинов

      "Келісілді"

      "Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды

      реттеу және қорғау жөніндегі

      Есіл бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі Экологиялық

      реттеу және бақылау комитетінің

      Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

      экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      "Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитарлық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Нұр-Сұлтан

      қаласының Санитарлық-

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесі

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1-2553 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер

Су объектісінің атауы

Көпшiлiктiң демалу орны

Орналасқан жері

1

Есіл өзені

"Столичный двор" демалыс аймағы

"Алматы" ауданы, "Күйгенжар" тұрғын алқабы

2

Есіл өзені

"Три пескаря" демалыс аймағы

"Сарыарқа" ауданы

3

Есіл өзені

"Оазис" орталық жағажайы

"Есіл" ауданы, орталық елордалық саябақ

4

Есіл өзені

коммуналдық жағажай

"Сарыарқа" ауданы, Ш. Бейсекова көшесі бойындағы көпірдің оң жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады