Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 163/20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23923 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбын жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымша тегін берсін";
көрсетілген шешімнің қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатның хатшысы | Е. Каналимов |
Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 242/32-VII шешіміне қосымша |
|
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI шешіміне қосымша |
Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі
Р/с № | Аурудың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны), медициналық бұйымдардың, мамандандырылған емдік өнімдердің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар | ||||
1) | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді |
Натрий колистиметаты, ингаляцияға арналған ұнтақ | ||||
Урсодезоксихол қышқылы, капсула | ||||
Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Вориконазол, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, таблетка | |||
Амфотерицин В, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ | ||||
2) | Туа біткен жүрек ақауы кезіндегі басқа екіншілікті өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Бозентан, таблетка |
Силденафил, таблетка | ||||
Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді | ||||
3) | Алғашқы өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Риоцигуат, қабықпен қапталған таблеткалар |
4) | Драве синдромы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Стирипентол, капсула |
Клобазам, таблетка | ||||
5) | Қалқанша безінің медуллярлық ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Вандетаниб, таблетка |
6) | Шорбуындаушы спондилит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Инфликсимаб, инъекцияға арналған ұнтақ |
7) | Ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелік нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Тоцилизумаб, инъекция дайындау үшін ерітінді жасауға арналған концентрат |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді | ||||
Голимумаб инъекцияға арналған ерітінді | ||||
8) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Бетаметазон, жақпа майы |
Бетаметазон және салицил қышқылы, сыртқа қолдануға арналған спрей | ||||
9) | Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхоөкпелік дисплазиясы | 1 жасқа дейінгі балалар | 1000 г дейінгі салмақпен өте шала туған нәрестелер | Паливизумаб, инъекция дайындау үшін ерітінді, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
10) | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Серетид Эвохалер (салметерол және флутиказон), ингаляцияларға арналған аэрозоль |
11) | Артериялық гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Микардис (телмисартан) таблетка |
Микардис плюс (телмисартан және гидрохлортиазид) таблетка | ||||
12) | Контрацепция | Ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер, жүктілікке қарсы көрсеткіштері бар әйелдер, бала туу жасындағы барлық әйелдердің әлеуметтік осал топтары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Этинилэстрадиол және дроспиренон, таблетка, драже |
Дезогестрел, таблетка, драже | ||||
Этинилэстрадиол және левоноргестрел, таблетка, драже | ||||
13) | Криопиринмен байланысты мерзімді синдром | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Канакинумаб, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, инъекцияға арналған ерітінді |
14) | Созылмалы вирустық C гепатиті, бауыр циррозы сатысын қоса алғанда | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін жағдайда | Глекапревир және пибрентасвир, таблетка |
15) | Қалқанша безінің қатерлі ісігі T3N0M0 | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Ленватиниб, капсула |
16) | Көпжақты миелома | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Даратумумаб, инфузияға арналған ерітінді жасауға концентрат |
17) | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ұлпалық трансг-лютаминазаға қарсы денелері бар, гистология-лық немесе генетикалық расталған, белсенді сатыда | Панкреатин, таблетка, капсула |
18) | Ихтиоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Бепантен (Декспантенол), жақпа майы, крем |
19) | Филадельфия хромосомасымен жедел лимфобластикалық лейкоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Понатиниб, таблетка |
20) | Жедел миелобластикалық лейкоз, M3 жасушаларының нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Третиноин, капсула |
21) | Ауыр атопиялық дерматит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Дупилумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
22) | Сероздық эпителиальды аналық без қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Олапариб, капсула |
23) | Туберкулез склерозы. Құрылымдық фокальды эпилепсия. Эпилептикалық энцефолапатия. Веста синдромы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Вигабатрин, таблетка |
Сультиам, таблетка | ||||
Зонисамид, таблетка | ||||
Клобазам, таблетка | ||||
24) | Ана мен ұрықтың қанының изосерологиялық үйлесімсіздігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Анти-Д иммуноглобулин, инъекция дайындау үшін ерітінді |
25) | Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Спленэктомия өткізуге қарсы көрсетілімдердің болуы | Ромиплостим, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
26) | Дюшеннің прогрессивті бұлшықет дистрофиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Дефлазакорт, таблетка |
27) | Шашыраңқы склероз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Диметилфумарат, капсула |
Белсенді фазада дәстүрлі терапияға толық емес жауаппен | Кладрибин, таблетка | |||
28) | Құрысқан мойынқисаюы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | А-гемаглютинин үлгідегі ботулиндік упттық кешен, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
29) | Помпе ауруы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Алглюкозидаза альфа, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ |
30) | Тұқым қуалайтын ангионеврологиялық ісіну | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Адамның С1-эстераза ингибиторы, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
31) | Созылмалы қабыну демиелинациялаушы полиневропатия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Иммуноглобулин, инфузияға арналған ерітінді |
32) | Амиотрофиялық бүйірлік склероз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Рилузол, таблетка |
33) | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Омализумаб жиынтығында еріткіші бар инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
34) | Прогрессивті жұлын бұлшықетінің атрофиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Нусинерсен, интратекальді енгізуге арналған ерітінді |
35) | Өкпе обыры | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Бригатиниб, таблетка |
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар | ||||
1) | Көмей стенозы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Трахеостомиялық түтікше иеленушілері | Трахеостомиялық түтік |
Аспирациялық катетер | ||||
Жылу қағал алмастырғыш | ||||
Гастростома, гастростоманы интродукциялауға арналған жиынтық | ||||
Жане типті шприц | ||||
2) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Күмісі бар майланған таңғыш |
Фармацевтикалық дәрілік затсыз таңғыштар | ||||
Ылғалды гигиеналық майлықтар | ||||
Стерильді таңғыш | ||||
Абсорбциялайтын стерильді | ||||
Абсорбциялайтын таңғыш | ||||
Бұласыр | ||||
Гидротюль, гидроактивті жақпа таңғыш | ||||
Перуан бальзамы бар майланған таңғыш | ||||
Стерильді майлықтар | ||||
Бекітетін созылмалы бинт | ||||
Бекітетін бинт | ||||
Торлы құбырлы бинт | ||||
Жұмсақ стерильді емес мақталы бинт | ||||
Хлорамфеникол негізіндегі стерильді таңғыш | ||||
Таңғышты қорғауға және бекітуге арналған серпімді қолғаптар | ||||
Эпидерм жақпа, крем | ||||
3) | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Көмекші құралдарды имплантациялау, жасанды жүрек пен жүректі трансплантациялау | Адгезивті стерильді таңғыш |
Стерильді үлдірлі таңғыш | ||||
4) | Контрацепция | Ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер, жүктілікке қарсы көрсеткіштері бар әйелдер, бала туу жастағы барлық әйелдердің әлеуметтік осал топтары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Жатырішілік спираль |
Презерватив | ||||
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі мамандандырылған емдік өнімдер | ||||
1) | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ұлпалық трансг-лютаминазаға қарсы денелері бар, гистология-лық немесе генетикалық расталған, белсенді сатыда | Нан пісіруге арналған глютенсіз қоспа |
Глютенсіз әмбебап қоспа | ||||
Глютенсіз макарон өнімдері | ||||
Глютенсіз қызанақ соусы | ||||
Глютенсіз печенье | ||||
Глютенсіз вафли | ||||
Глютенсіз кәмпиттер | ||||
2) | Көмей стенозы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Трахеостомиялық түтікше иеленушілері | Энтеральді тамақтануға арналған қоспа |
3) | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Энтеральді тамақтануға арналған қоспа |
4) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Энтеральді тамақтануға арналған қоспа |
5) | Май қышқылдарының алмасуының бұзылуы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Ұзын тізбекті триглицеридтердің төмен қоспасы және орташа тізбекті триглициридтердің жоғары мөлшері |
6) | Эпилепсия, церебральді салдану | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Псевдобульбар синдромы бар гастростома иеленушілері | Амин қышқылдары негізіндегі құрғақ қоспа |
_____________________________________