Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 163/20-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.09.2022 № 242/32-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымша тегін берсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.09.2022 № 242/32-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 500/66-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1271 болып тіркелген).
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI шешіміне қосымша |
Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 45/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Р/с № | Аурудың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны), медициналық бұйымдардың, мамандандырылған емдік өнімдердің атауы |
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар | ||||
1) | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Амфотерицин В, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ |
Жеке көтералмаушылық жағдайында | Пульмозим (Дорназа-альфа), ингаляцияға арналған ерітінді | |||
2) | Туа біткен жүрек ақауы кезіндегі басқа екіншілікті өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері | Бозентан, таблетка |
Силденафил, таблетка | ||||
Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді | ||||
3) | Алғашқы өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Риоцигуат, қабықпен қапталған таблетка |
Селексипаг, қабықпен қапталған таблетка | ||||
4) | Инсулома | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежелері | Диазоксид, капсула |
5) | Қалқанша безінің медуллярлық ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылары және ауырлық дәрежелері | Вандетаниб, таблетка |
6) | Шорбуындаушы спондилит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда |
Инфликсимаб, |
7) | Ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелік нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда |
Тоцилизумаб, |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді | ||||
Голимумаб инъекцияға арналған ерітінді | ||||
Канакинумаб, инъекцияға арналған ерітінді | ||||
8) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Бетаметазон, жақпа майы |
Бетаметазон және салицил қышқылы, сыртқа қолдануға арналған спрей | ||||
9) | Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхоөкпелік дисплазиясы | 1 жасқа дейінгі балалар | 1000 г дейінгі салмақпен өте шала туған нәрестелер | Паливизумаб, инъекция дайындау үшін ерітінді, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
10) | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Серетид Эвохалер (Салметерол және Флутиказон), ингаляцияларға арналған аэрозоль |
11) | Артериялық гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Микардис (Телмисартан) таблетка |
Микардис плюс (Телмисартан және Гидрохлортиазид) | ||||
12) | Бүйрек қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Кабозантиниб, капсула |
13) | Криопиринмен байланысты мерзімді синдром | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Канакинумаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, инъекцияға арналған ерітінді |
14) | Созылмалы вирустық C гепатиті, бауыр циррозы сатысын қоса алғанда | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Глекапревир және пибрентасвир, таблетка |
15) | Қалқанша безінің қатерлі ісігі T3N0M0 | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Ленватиниб, капсула |
16) | Қуықасты безінің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Даролутамид, қабықпен қапталған таблетка |
17) | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары |
Ұлпалық трансглютаминазаға қарсы денелері бар, гистологиялық немесе генетикалық расталған, | Панкреатин, таблетка, капсула |
18) | Ихтиоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Бепантен (Декспантенол), сыртқы қолдануға арналған крем |
19) | Сүт безінің қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Рибоциклиб, қабықпен қапталған таблетка |
20) | Жедел миелобластикалық лейкоз, М3 жасушаларының нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Третиноин, капсула |
21) | Ауыр атопиялық дерматит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Дупилумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
22) | Сероздық эпителиальды аналық без қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Олапариб, капсула, таблетка |
23) | Эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Лакосамид, қабықпен қапталған таблетка |
24) | Біріншілік иммундық тапшылық | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Интерферон гамма, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
25) | Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Спленэктомия өткізуге қарсы көрсетілімдердің болуы | Ромиплостим, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
26) | Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Ритуксимаб, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат |
27) | Шашыраңқы склероз | Диспансерлік есепте тұрған ересектер |
Белсенді фазада | Кладрибин, таблетка |
28) | Құрысқан мойынқисаюы | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | А-гемаглютинин үлгідегі ботулиндік упттық кешен, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
29) | Помпе ауруы | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Алглюкозидаза альфа, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ |
30) | Тұқым қуалайтын ангионеврологиялық ісіну | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Адамның С1-эстераза ингибиторы, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
31) | Созылмалы қабыну демиелинациялаушы полиневропатия | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Иммуноглобулин, инфузияға арналған ерітінді |
32) | Амиотрофиялық бүйірлік склероз | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Рилузол, таблетка |
33) | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Омализумаб жиынтығында еріткіші бар инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
34) | Көптеген миелома | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Иксазомиб, капсула |
Поналидомид, капсула | ||||
35) | Өкпе обыры | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Бригатиниб, таблетка |
36) | Бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Гидрокортизон таблетка |
Гидрокортизон, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат | ||||
Флудрокартизон таблетка | ||||
37) | Псориатикалық артрит | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Этанерцепт, тері астына енгізуге арналған ерітінді/ инъекция дайындауға арналған ерітінді лиофилденген, ұнтақ |
Секукинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді | ||||
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар | ||||
1) | Көмей стенозы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Трахеостомиялық түтікше иеленушілері | Трахеостомиялық түтік |
Аспирациялық катетер | ||||
Жылу қағал алмастырғыш | ||||
Гастростома, гастростоманы интродукциялауға арналған жиынтық | ||||
Жане типті шприц | ||||
2) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Күмісі бар майланған таңғыш |
Фармацевтикалық дәрілік затсыз таңғыштар | ||||
Ылғалды гигиеналық майлықтар | ||||
Стерильді таңғыш | ||||
Абсорбциялайтын стерильді | ||||
Абсорбциялайтын таңғыш | ||||
Бұласыр | ||||
Гидротюль, гидроактивті жақпа таңғыш | ||||
Перуан бальзамы бар майланған таңғыш | ||||
Стерильді майлықтар | ||||
Бекітетін созылмалы бинт | ||||
Бекітетін бинт | ||||
Торлы құбырлы бинт | ||||
Жұмсақ стерильді емес мақталы бинт | ||||
Хлорамфеникол негізіндегі | ||||
Таңғышты қорғауға және бекітуге арналған серпімді қолғаптар | ||||
Эпидерм жақпа, крем | ||||
3) | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Көмекші құралдарды имплантациялау, жасанды жүрек пен жүректі трансплантациялау | Адгезивті стерильді таңғыш |
Стерильді үлдірлі таңғыш | ||||
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі мамандандырылған емдік өнімдер | ||||
1) | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары |
Ұлпалық трансглютаминазаға қарсы денелері бар, гистологиялық немесе генетикалық расталған | Нан пісіруге арналған глютенсіз қоспа |
Глютенсіз әмбебап қоспа | ||||
Глютенсіз макарон өнімдері | ||||
Глютенсіз қызанақ соусы | ||||
Глютенсіз печенье | ||||
Глютенсіз вафли | ||||
Глютенсіз кәмпиттер | ||||
2) | Көмей стенозы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Трахеостомиялық түтікше иеленушілері | Энтеральді тамақтануға арналған қоспа |
3) | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Энтеральді тамақтануға арналған қоспа |
4) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Энтеральді тамақтануға арналған қоспа |
5) | Май қышқылдарының алмасуының бұзылуы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Ұзын тізбекті триглицеридтердің төмен қоспасы және орташа тізбекті триглициридтердің жоғары мөлшері |
6) | Эпилепсия, церебральді салдану | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Псевдобульбар синдромы бар гастростома иеленушілері | Амин қышқылдары негізіндегі құрғақ қоспа |
7) | Ақуыз энергетикалық тапшылық | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | III дәреже | Амин қышқылдары негізіндегі құрғақ қоспа |