Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 279/36-VII және Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1-3728 бірлескен шешімі және қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31122 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласында жаңа аудан құрылсын.

      2. Жалпы ауданы 19 336 гектар болатын Астана қаласы жаңа ауданының шекаралары белгіленсін.

      3. Астана қаласы "Есіл" ауданының шекараларынан Астана қаласы жаңа ауданының шекараларына 19 336 гектарды беру арқылы өзгертіліп, жалпы ауданы 20 022 гектар болып шекаралары белгіленсін.

      4. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
     
      Астана қаласы мәслихатның хатшысы Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады