Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 509-3433 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30645 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 912 болып тіркелген);

      2) "Астана қаласында коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 115-638 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 505-742 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1268 болып тіркелген);

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі А. Кульгинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады