Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 107-3487 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30793 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астана қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі А. Кульгинов

  Астана қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 107-3487 қаулысына
1-қосымша

Техникалық және кәсіптік бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Р/с

Кадрларды даярлау коды мен бағыты

Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)

Оқу жылы үшін бір білім алушыны (маманды)/ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

1

2

3

4

1

01120100
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

475

385368

2

01140100
Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

500

385368

3

01140200
Музыкалық білім беру

25

385368

4

01140500
Дене тәрбиесі және спорт

150

385368

5

01140600
Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

50

385368

6

02120100
Интерьер дизайны

90

425187/719360

7

02210100
Исламтану

75

385368

8

04130100
Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

30

391494

9

04130200
Логистика (салалар бойынша)

25

391494

10

04140100
Маркетинг (салалар бойынша)

200

391494

11

06120100
Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

175

391494

12

06120200
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

50

391494

13

06130100
Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

550

391494/651974

14

06880100
Аддитивті өндіріс технологиясы

25

391494

15

07130100
Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

50

425187

16

07130200
Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

250

425187

17

07130600
Темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

50

425187

18

07130700
Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)

50

425187

19

07140100
Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

50

425187

20

07140300
Мехатроника (салалар бойынша)

25

425187

21

07140500
Сандық техника (түрлері бойынша)

25

391494

22

07140600
Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу

75

391494

23

07140700
Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару

75

425187

24

07140800
Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану

25

425187

25

07140900
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

125

425187

26

07150100
Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

75

425187

27

07150500
Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

205

425187

28

07150700
Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер

40

425187

29

07160400
Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану

50

425187

30

07160500
Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

150

425187

31

07161300
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

245

425187

32

07210100
Ет және ет өнімдерін өндіру

50

425187

33

07210300
Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі

240

425187/719360

34

07211300
Тағам өндірісінің технологиясы

50

425187

35

07221400
Жиһаз өндірісі

30

425187

36

07230100
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу

275

425187/719360

37

07310200
Геодезия және картография

25

425187

38

07310400
Дизайн, азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру, қайта құру

50

425187

39

07320100
Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

187

425187/872510

40

07320400
Жылжымайтын мүлікті басқару

25

425187

41

07320700
Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану

125

425187

42

07320800
Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы

50

425187

43

07321000
Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)

175

425187

44

07321100
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану

175

425187

45

07321200
Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану

25

425187

46

07321500
Көпірлер мен көлік тоннельдері

25

425187

47

08210100
Орман шаруашылығы

50

391494

48

09130100
Мейіргер ісі

150

420000

49

09130200
Акушерлік іс

25

420000

50

09230100
Әлеуметтік жұмыс

50

391494

51

10120100
Шаштараз өнері

100

425187

52

10130100
Қонақ үй бизнесі

175

425187

53

10130200
Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

75

425187

54

10130300
Тамақтандыруды ұйымдастыру

600

425187

55

10150100
Туризм

158

391494

56

10320100
Өрт қауіпсіздігі

75

425187

57

10410200
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

125

425187

58

10410300
Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

25

425187

59

10410400
Жол қозғалысын ұйымдастыру

50

425187

  Астана қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 107-3487 қаулысына
2-қосымша

Орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылдарына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Р/с

Кадрларды даярлау коды мен бағыты

Оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)

Оқу жылы үшін бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

1

2

3

4

1

07130100
Электрмен қамтамасыздандыру (салалар бойынша)

50

425187

2

07140500
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

25

425187

3

09130100
Мейіргер ісі

75

420000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады