"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1)-тармақшасына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/31 қаулысымен бекітілген |
Ақмола облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
1. Ақмола облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында Көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі Көрсетілетін қызмет құны;
Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен Көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін Көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұнда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы Көрстетілетін қызмет құны;
Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен Көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын Көрсетілетін қызмет көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.
5. Телевизияда Көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевизияда Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевизияда Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
6. Радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Ақмола облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша |
Ақмола облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары
№ | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Облыстың, қалалар мен аудандардың атаулары | 2022 жыл (теңге) |
2023 жыл |
2024 және кейінгі жылдар |
1. | Ақмола облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Ақмола облысы | 557 | 557 | 557 |
2. | Көкшетау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Көкшетау қаласы | 112 | 112 | 112 |
3. | Степногорск қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Степногорск қаласы | 60 | 60 | 60 |
4. | Ақкөл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Ақкөл ауданы | 115 | 115 | 115 |
5. | Аршалы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Аршалы ауданы | 115 | 115 | 115 |
6. | Атбасар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Атбасар ауданы | 80 | 80 | 80 |
7. | Астрахан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Астрахан ауданы | 60 | 60 | 60 |
8. | Бұланды ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Бұланды ауданы | 50 | 50 | 50 |
9. | Біржан сал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Біржан сал ауданы | 80 | 80 | 80 |
10. | Бурабай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Бурабай ауданы | 65 | 65 | 65 |
11. | Егіндікөл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Егіндікөл ауданы | 90 | 90 | 90 |
12. | Есіл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Есіл ауданы | 60 | 60 | 60 |
13. | Ерейментау ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Ерейментау ауданы | 100 | 100 | 100 |
14. | Жақсы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Жақсы ауданы | 60 | 60 | 60 |
15. | Жарқайың ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Жарқайын ауданы | 150 | 150 | 150 |
16. | Зеренді ауданының (Вп)аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Зеренді ауданы | 90 | 90 | 90 |
17. | Қорғалжын ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Қорғалжын ауданы | 24 | 24 | 24 |
18. | Сандықтау ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Сандықтау ауданы | 70 | 70 | 70 |
19. | Шортанды ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Шортанды ауданы | 50 | 50 | 50 |
20. | Целиноград ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Целиноград ауданы | 115 | 115 | 115 |
21. | Қосшы қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn) | шаршы сантиметр | Қосшы қаласы | 80 | 80 | 80 |
22. | Ақмола облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (журналда) (Вm) | шаршы сантиметр | Ақмола облысы | 18 | 18 | 18 |
23. | Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi) | символ | Қазақстан Республикасы | 130 | 130 | 130 |
24. | Өңірлік маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi) | символ | Ақмола облысы | 17 | 17 | 17 |
25. | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (сюжет) (Вtv) | минут | Ақмола облысы | 530 000 | 530 000 | 530 000 |
26. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру). радиоарналар (сурдоаударма есебімен сюжет) (Вtv) | минут | Ақмола облысы | 30 000 | 30 000 | 30 000 |
27. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру) (ақпараттық-талдамалық бағдарлама) (Вtv) | минут | Ақмола облысы | 30 000 | 30 000 | 30 000 |
28. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды өндіру және орналастыру). радиоарналар (ток-шоу) (Вtv) | минут | Ақмола облысы | 4 000 | 4 000 | 4 000 |
29. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдар өндіру). радиоарналар (деректі фильм) (Вtv) | минут | Ақмола облысы | 30 000 | 30 000 | 30 000 |
30. | Міндетті теле-,радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Ақмола облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдар өндіру) (бейнеролик) (Вtv) | минут | Ақмола облысы | 90 000 | 90 000 | 90 000 |
31. | Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Жарқайың ауданының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру). радиоарналар (сюжет) (Вtv) | минут | Жарқайын ауданы | 5 000 | 5 000 | 5 000 |
32. | Міндетті теле-, телебағдарламалар тізбесіне кірмейтін телевизияда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) Атбасар ауданының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын радиоарналар және еркін қол жеткізу арналарының тізбесі (сюжет) (Вtv) | минут | Атбасар ауданы | 840 | 840 | 840 |
33. | Ақмола облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br) | минут | Ақмола облысы | 17 920 | 19 712 | 21 504 |
34. | Есіл ауданының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br) | минут | Есіл ауданы | 1 250 | 1 250 | 1 250 |
35. | Жарқайың ауданының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br) | минут | Жарқайын ауданы | 2 000 | 2 000 | 2 000 |