"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3)-тармақшасына сәйкес, және "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № А-3/365 бірлескен қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 76/15-7 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград ауданының Қосшы ауылдық округі Целиноград ауданының Тайтөбе ауылы болып қайта құрылсын.
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы |
К.Идрисов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
М.Балпан |