Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № А-4/188 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 сәуірде № 27756 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8446 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 сәуірдегі
№ А-4/188 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/176 қаулысына
1-қосымша

Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Субсидия нормативі, теңге/килограмм

Сүт

Сары май

49

Сүт

Қатты ірімшік

42


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады