Ақмола облысы аумағында карантиндік режимінің күшін жою туралы және Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № А-5/214 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 27999 болып тіркелді

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 15 ақпандағы № 03-06-117 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы аумағында келесі жер телімдерінде залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын:

      1) Сандықтау ауданы, Белгород ауылдық округі, залалданған ауданы - 386 гектар жатаған у кекіре;

      2) Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылдық округі, залалданған ауданы - 400 гектар жатаған у кекіре;

      3) Державин қаласы, Жарқайың ауданы, залалданған ауданы - 8,551 гектар арам сояу;

      4) Сандықтау ауданы, Новоникольск ауылдық округі, залалданған ауданы - 70,1 гектар жұпсыз жібек көбелегі.

      2. "Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ А-5/214 қаулысына
1-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
1-қосымша

Карантиндік арамшөп - жатаған (қызғылт) у кекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізумен карантинді аймақ

Аудандардың атауы

Қалалар, кенттер, ауылдық округтер және ауылдардың атауы

Залалдану алаңы (гектар)

1

Ақкөл

Новорыбин, Урюпин ауылдық округтері

517

2

Астрахан

Каменка ауылы;
Астрахан, Есіл, Николаев, Острогор, Первомай, Ұзынкөл ауылдық округтері

8689,3225

3

Атбасар

Атбасар қаласы;
Сергеевка ауылдық округі

323,0496

4

Аршалы

Жібек жолы, Константинов ауылдық округтері

799

5

Бұланды

Ерголка ауылдық округі

377

6

Біржан сал

Мамай ауылы;
Баймырза; Бірсуат, Макинка ауылдық округтері

2367

7

Егіндікөл

Абай, Бауман, Буревестник, Егіндікөл, Спиридоновка ауылдар;
Алакөл, Жалманқұлақ, Ұзынкөл
ауылдық округтері

10773

8

Есіл

Красногорский кенті;
Ақсай, Московский ауылдар;
Бұзылық, Двуречный, Жаныспай, Қаракөл, Красивинский, Свободный ауылдық округтері

18091

9

Жарқайың

Державин қаласы;
Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львов, Пригород, Пятигор, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл, Үшқарасу ауылдар;
Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный, Уәлихан ауылдық округтері

76104,8

10

Жақсы

Белағаш, Жақсы, Подгорное, Терісақан ауылдар;
Беловод, Ешім, Жаңа Қийма, Запорожье, Қызылсай, Тарасов ауылдық округтері

12355,564

11

Зеренді

Зеренді, Күсеп ауылдық округтері

683

12

Сандықтау

Мәдениет ауылы;
Барақпай, Васильев, Веселов, Жамбыл, Максимов, Сандықтау, Широков ауылдық округтері

4986

13

Қорғалжын

Амангелді, Арықты, Қарашалғын, Кеңбидайық, Қорғалжын, Қызылсай, Майшұқыр ауылдық округтері

26093,26

14

Целиноград

Мәншүк, Ақмол ауылдар;
Арайлы, Жаңаесіл, Жарлыкөл, Қошқарбаев, Нұресіл, Оразақ, Рахымжан, Родина, Софиевка, Шалқар ауылдық округтері

37634,4077

15

Шортанды

Шортанды кенті;
Андреевка, Бектау, Бозайғыр, Дамса, Новокубанка, Петровка, Раевка, Пригородный ауылдық округтері

10669,21


Барлығы:


210 462,6138


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ А-5/214 қаулысына
2-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
2-қосымша

Карантиндік арамшөп - далалық арам сояу бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізумен карантинді аймақ

Аудандардың атауы

Ауылдық округтер және ауылдардың атауы

Залалдану алаңы (гектар)

1

Есіл

Двуречный, Интернациональный, Қаракөл, Свободный ауылдық округтері

40,0

2

Жақсы

Ешім, Жаңа Қийма ауылдық округтері

10,0

3

Жарқайың

Бірсуат, Далабай, Гастелло, Пригород, Пятигор ауылдар;
Жаңадала, Отрадный, Уәлихан ауылдық округтері

44,3

4

Сандықтау

Балкашин, Сандықтау, Широков ауылдық округтері

6,9

5

Целиноград

Мәншүк ауылы

0,46

6

Зеренді

Мәлік Ғабдуллин атындағы ауылдық округ

0,4884


Барлығы:


102,1484


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ А-5/214 қаулысына
3-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 мамырдағы
№ А-5/270 қаулысына
3-қосымша

Орманның карантиндік зиянкесі - жұпсыз жібек көбелегі бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізумен карантинді аймақ

Аудандардың атауы

Ауылдық округтердің атауы

Залалдану алаңы (гектар)

1

Сандыктау

Балкашин ауылдық округі

17,5

Белгород ауылдық округі

35,0


Барлығы:


52,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады