"Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы №А-7/316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/434 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29737 болып тіркелді

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      4-тармақ осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жарияланғаннан кейін Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ А-9/434 қаулыға
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ А-7/316 қаулысымен
бекітілген

4. Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары Сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары

Тұтыну сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Тұтыну нормасы

1

Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамсыздандыру болған жағдайда

Айына бір адамға килограмм

6,9

2

Пәтерде газ плитасы және газ су жылытқышы болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен қамсыздандырылмаған жағдайда)

Айына бір адамға килограмм

16,9

3

Пәтерде газ плитасы бар, орталық ыстық сумен қамсыздандыру және газ су жылытқыш болмаған жағдайда

Айына бір адамға килограмм

10,5

Тауарлық газды тұтыну нормалары

Тұтыну сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Тұтыну нормасы

1

Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен қамсыздандыру болған жағдайда

Айына бір адамға текше метр

9,3

2

Пәтерде газ плитасы және газ су жылытқышы болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен қамсыздандырылмаған жағдайда)

Айына бір адамға текше метр

23

3

Пәтерде газ плитасы бар, орталық ыстық сумен қамсыздандыру және газ су жылытқыш болмаған жағдайда

Айына бір адамға текше метр

13,7

4.

Жеке жылыту

Айына жылу берілетін аймағының бір шаршы метріне текше метр

8,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады