Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-22/10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31534 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық
мәслихатының хатшысы
О.Джагпаров


  2022 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 7С-22/10 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтарды жинақталатын объектілерінің түрлері

Есептеу бірлігі

1 есептік бірлікке жылдық норма, текше метр

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,75

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,73

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай объектілер

1 орын

0,50

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,32

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,33

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,42

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келу

0,0013

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,50

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,45

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,04

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы ауданы 1 м2

0,06

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,009

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы ауданы 1 м2

0,05

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңының 1 м2

0,42

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңының 1 м2

0,21

16

Өнеркәсіптік азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы ауданы 1 м2

0,13

17

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы ауданы 1 м2

0,08

18

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы ауданы 1 м2

0,14

19

Дәріханалар

Сауда алаңының 1 м2

0,12

20

Автотұрақтар, автожуу орындары, АЖС

1 машина орны

3,45

21

Авто шеберханалары

1 қызметкер

3,26

22

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,24

23

Шаштараздар, косметикалық салондары

1 жұмыс орны

1,37

24

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы ауданы 1 м2

0,05

25

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы ауданы 1 м2

0,19

26

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т. б.)

1 жұмыс орны

0,13

27

Монша, сауналар

Жалпы ауданы 1 м2

0,16


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады