Атбасар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 ақпандағы № 7С 14/6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 ақпанда № 26820 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Комбатуров


  Атбасар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 7С 14/6 шешіміне
қосымша

Атбасар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Жайлы үйлер
Жайлы емес үйлер

1 тұрғын
1 тұрғын

0,98
1,10

2

Жатақханалар, интернаттар

1 орын

0,37

3

Қонақ үйлер

1 орын

1,34

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,31

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,60

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0005

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,40

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,15

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,98

10

Кинотеатрлар, концерт залдары, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,1

11

Мұражайлар

Жалпы алаңы 1 м²

0,07

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,04

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м²

0,025

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңы 1 м²

0,32

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м²

0,27

16

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м²

0,10

17

Вокзалдар, автовокзалдар

Жалпы алаңы 1 м²

0,075

18

Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы

Жалпы алаңы 1 м²

0,01

19

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м²

0,32

20

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобиль жанармай станциялар

1 машина-орын

4,9

21

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

4,11

22

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

2,5

23

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,12

24

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,235

25

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады