Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 5 "Қосбармақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26574 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Ақмола облысы Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 01-28-477 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы аумағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқталсын.

      2. Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің "Қосбармақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 11 қарашадағы № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25132 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақан Құрманов
ауылдық округінің әкімі
А.Белялова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады