Қосбармақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қарашада № 25132 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 14.01.2022 № 2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қазандағы № 01-28-351 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің Қосбармақ ауылы аумағында ірі қара малда инфекциялық ринотрахеит ошағының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақан Құрманов ауылдық
округінің әкімі
А.Белялова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады