Шектеу іс-шараларын алып тастау және Николаев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қазанда № 30203 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Астрахан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-16-428 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округінің Петровка ауылының аумағында ұсақ қара малдарының арасында жұқпалы бруцеллез ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Николаев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 28 шілдедегі № 8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28956 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Николаев ауылдық
округінің әкімі
Е.Лысенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады