Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шілдеде № 28956 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің 11.10.2022 № 10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 01 – 16 – 318 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі Петровка ауылы аумағында мүйізді ұсақ малдарда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Николаев ауылдық
округінің әкімі
Е.Лысенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады