Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданының жер салығының мөлшерлемелерін және тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы" 2021 жылғы 26 қарашадағы № 15/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25477 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Есіл ауданы бойынша тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін азайту немесе арттыру туралы";
көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Есіл ауданының жер салығының мөлшерлемелері азайтылсын немесе арттырылсын.";
"2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Есіл ауданының тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелері азайтылсын немесе арттырылсын.";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Есіл ауданы бойынша тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелері".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл аудандық мәслихатының хатшысы | С.Агымбаева |