"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж. Қасеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | Е.Баяхметов |
Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № а-4/90 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері
№ | Тұрғын үйдің мекен-жайы | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге) |
1 | Есіл қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 14-үй | 54,70 |
2 | Есіл қаласы, Александр Пушкин көшесі, 5-үй | 49,47 |
3 | Есіл қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 3-үй | 40,99 |
4 | Есіл қаласы, Ғарышкерлер көшесі, 9-үй | 54,67 |
5 | Есіл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 89- үй | 62,73 |
6 | Есіл қаласы, Макаренко көшесі, 8-үй | 55,34 |
7 | Есіл қаласы, Макаренко көшесі, 16 А-үй | 71,77 |
8 | Есіл қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 34-үй | 100,0 |
9 | Есіл қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 49-үй | 30,68 |