Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәүірдегі № 6С-52/3 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 7С-35/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29691 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 8С-19/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 16 сәүірдегі № 6С-52/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7825 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Альжанов


  2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 7C-35/5 шешіміне
қосымша
  Жарқайың аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
16 сәуірдегі № 6С-52/3
шешімімен бекітілген

Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарқайың ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Жарқайың ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мерекелік күндерге және атаулы күндерге ақшалай түрде көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 1000 000 теңге;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСРО) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 100 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 теңге;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарға - 100 000 теңге;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 60 000 теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 теңге;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға - 60 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына - 60 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы)- 30 000 теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 30 000 теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 30 000 теңге;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бір рет -10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, бір рет - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстаннан басқа, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, бір жолғы -10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, бір рет - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      2) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15-ақпан:

      басқа мемлекеттердің аумағында, атап айтқанда Ауғанстан аумағында соғыс ардагерлеріне, бір рет -25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні -16 желтоқсан:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, - бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, бір рет - 100 000 теңге;

      4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, - бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні:

      ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға, барлық топтағы мүгедек бар адамдарға және мүгедек бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға бір рет - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.

      8. Уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде ай сайын:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа адамдарға, ай сайын - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      9. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындау үшін өтініш бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет немесе мерзімді (ай сайын) тексеру актісінің негізінде учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), немесе оның мүлкіне, жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш білдірген кезде, отбасының бір мүшесіне - 30 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне зиянды өтеу;

      2) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналадағыларға қауіп төңдіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):

      Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктері бар адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет-15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет - 15 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусы туындаған жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай тағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің - 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға өтініш бермей ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) өмірлік қиын жағдайдаға тап болған мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мынадай негіздер бойынша:

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      пробация қызметінің есебінде болуы;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматарға (отбасыларға), бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      шұғыл емделуге (ота жасауға);

      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге.

      5) колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық жерде тұратын, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге, бір рет, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде оқуын төлеуге жылдық оқы құны;

      6) жоғары медициналық оқу орындарында оқитын, жетім-балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек адамдары бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге, бір рет, "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын растайтын анықтаманың, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарға жататынын растайтын анықтама негізінде жылдық оқыту құны;

      7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға, ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге, І, ІІ топтағы мүгедек бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға және адамның иммунитет тапшылығы вирусымен ауыратындарға қалалық және ауданішілік жолаушылар көлігі маршруттарында жол жүру шығындарын өтініш бермей ай сайын өтеу түрінде көрсетіледі;

      8) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, мәртебесі Қазақстан Республикасы Заңының "Ардагерлер туралы" 7-бабында айқындалған еңбек ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайы), жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сауықтыру үшін сатып алынатын жолдамалар өтініш берілген күнге сәйкес кезектілік тәртібімен, бір рет;

      9) мүгедек бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де өкілдеріне санаторий- курорттық емделуге, бірақ бір ата - анадан асырмай-жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, емдік рәсімдерді қоспағанда, тұру және тамақтану үшін Қазақстан Республикасының шегінде санаторий - курорттық емделу 70 пайыз ақы төлей отырып, шығындарды өтеу түрінде, бір рет.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      11. Мерекелік күндерге және атаулы күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      12. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жарқайың ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      13. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

4 тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      14. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушының қайтыс болуы;

      2) алушы Жарқайың ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігінің анықталуы.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Артық төленген сомалар ерікті немесе сот тәртібімен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады