Ақмола облысы Жарқайың ауданы Құмсуат ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Құмсуат ауылы әкімінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 06 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30595 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Құмсуат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жаркайың ауданы Құмсуат ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Садовая көшесін Наурыз көшесіне;

      Октябрьский тұйық көшесін Тәуелсіздік тұйық көшесіне;

      Почтовый тұйық көшесін Ардагерлер тұйық көшесіне;

      Национальный тұйық көшесін Құлагер тұйық көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құмсуат ауылының әкімі Б.Рахимжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады