Ақмола облысы Жарқайың ауданы Пригород ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Пригород ауылы әкімінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30968 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Пригород ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қортындысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Пригород ауылының кейбір құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Целинная көшесін Абылай хан көшесіне;

      Рабочих даңғылын Әл-Фараби даңғылына.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Пригородное ауылының әкімі Е.Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады