"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:
К. Маркс көшесін Мағжан Жұмабаев көшесіне;
Комсомольская көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауылының әкімі | Е.Калентионок |