Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № А-7/342 "Зеренді ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № А-3/167 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27201 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зеренді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № А-7/342 "Зеренді ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі Ә.Жақсылықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады