Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 тамызда № 29181 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 14.09.2022 № 8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 08 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Прудхозная көшесін Игілік көшесіне;

      Зеленая көшесін Дүйсен би көшесіне;

      Юбилейная көшесін Мерей көшесіне;

      ЛОЛ шағын ауданын Бұлақты шағын ауданына.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді ауданының әкімі А.Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады