Целиноград ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 маусымдағы № 155/27-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28479 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Целиноград ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Л.Конарбаева

  Целиноград аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 10 маусымдағы
№ 155/27-7 шешіміне
қосымша

Целиноград ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(Қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

530,37

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

551,58

Жеке және заңды тұлғалар үшін

1 м3

2828,63


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады