Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 "Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7С-19/2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26553 болып тіркелді

      Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы";

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды аудандық
мәслихатының хатшысы
Г.Садвокасова


  Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7С-19/2 шешіміне
1 қосымша
  Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ С-72/2 шешіміне
1 қосымша

Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Алаң, Шортанды кенті, Феликс Дзержинский көшесі, 19.

      2. Алаң, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 26 А.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін.

      4. Алаң, Жолымбет кенті, улица Абай Құнанбаев көшесі, 14.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен бастап Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін.

      6. Алаң, Андреевка ауылы, Желтоқсан көшесі, 21.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Андреевка ауылы, Қонаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысынан Желтоқсан көшесі, 21 бойынша "Нива" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін.

      8. Алаң, Бектау ауылы, Абай көшесі, 2.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бектау ауылы, Казциковская және Абай көшелерінің қиылысынан жеке кәсіпкер "Ахметов Қанат Серікбайұлы" объектісінің алдындағы алаңға дейін, Абай көшесі, 2.

      10. Алаң, Новокубанка ауылы, Кан Де Хан көшесі, 1 Б.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новокубанка ауылы, Кан Де Хан көшесінен "Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерге" ескерткішінің алдындағы алаңға дейін, Кан Де Хан көшесі, 1 Б.

      12. Алаң, Петровка ауылы, Приречная көшесі, 9 А.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Петровка ауылы, Төле би көшесінен "Петровское" акционерлік қоғамы объектісінің алдындағы алаңға дейін, Приречная көшесі, 9 А.

      14. Алаң, Научный кенті, Бараев көшесі, 15.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Научный кентінің Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін.

      16. Алаң, Раевка ауылы, Шоқан Уәлиханов тұйық көшесі, 8.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Раевка ауылы, "Нур Астык Kz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңнан Шоқан Уәлиханов тұйық көшесі, 8 дейін.

      18. Алаң, Бозайғыр ауылы, Бейбітшілік көшесі, 5.

      19. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бозайғыр ауылы, жеке кәсіпкер "Лисман" объектісінен Бейбітшілік көшесі, 5 бойынша "Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға" обелискінің алдындағы алаңға дейін.

      20. Алаң, Новоселовка ауылы, Абай көшесі, 20.

      21. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новоселовка ауылы, Жамбыл Жабаев тұйық көшесінен "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" обелискінің алдындағы алаңға дейін, Абай көшесі, 20.

      22. Алаң, Пригородное ауылы, Целинная көшесі, 16.

      23. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Пригородное ауылы, Луговая көшесінен орталық алаңға дейін, Целинная көшесі, 16.


  Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7С-19/2 шешіміне
2 қосымша
  Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ С-72/2 шешіміне
2 қосымша

Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) алаң, Шортанды кенті, Феликс Дзержинский көшесі, 19, шекті толу нормасы 50 адам;

      2) алаң, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 26 А, шекті толу нормасы 50 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      4) алаң, Жолымбет кенті, улица Абай Құнанбаев көшесі, 14, шекті толу нормасы 50 адам;

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен бастап Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      6) алаң, Андреевка ауылы, Желтоқсан көшесі, 21, шекті толу нормасы 50 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Андреевка ауылы, Қонаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысынан Желтоқсан көшесі, 21 бойынша "Нива" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      8) алаң, Бектау ауылы, Абай көшесі, 2, шекті толу нормасы 50 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бектау ауылы, Казциковская және Абай көшелерінің қиылысынан жеке кәсіпкер "Ахметов Қанат Серікбайұлы" объектісіне дейін Абай көшесі, 2, шекті толу нормасы 50 адам;

      10) алаң, Новокубанка ауылы, Кан Де Хан көшесі, 1 Б, шекті толу нормасы 50 адам;

      11) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новокубанка ауылы, Кан Де Хан көшесінен "Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерге" ескерткішінің алдындағы алаңға дейін Кан Де Хан көшесі, 1 Б, шекті толу нормасы 50 адам;

      12) алаң, Петровка ауылы, Приречная көшесі, 9 А, шекті толу нормасы 50 адам;

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Петровка ауылы, Төле би көшесінен "Петровское" акционерлік қоғамының объектісіне дейін Приречная көшесі, 9 А, шекті толу нормасы 50 адам;

      14) алаң, Научный кенті, Бараев көшесі, 15, шекті толу нормасы 50 адам;

      15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Научный кентінің Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      16) алаң, Раевка ауылы, Шоқан Уәлиханов тұйық көшесі, 8, шекті толу нормасы 25 адам;

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Раевка ауылы, "Нур Астык Kz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңнан Шоқан Уәлиханов тұйық көшесі, 8 дейін, шекті толу нормасы 25 адам;

      18) алаң, Бозайғыр ауылы, Бейбітшілік көшесі, 5, шекті толу нормасы 50 адам;

      19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Бозайғыр ауылы, жеке кәсіпкер "Лисман" объектісінің алдындағы алаңнан Бейбітшілік көшесі, 5 бойынша "Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға" обелискінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

      20) алаң, Новоселовка ауылы, Абай көшесі, 20, шекті толу нормасы 25 адам;

      21) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новоселовка ауылы, Жамбыл Жабаев тұйық көшесінен "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" обелискіне дейін, Абай көшесі, 20, шекті толу нормасы 25 адам;

      22) алаң, Пригородное ауылы, Целинная көшесі, 16, шекті толу нормасы 30 адам;

      23) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Пригородное ауылы, Луговая көшесінен орталық алаңға дейін, Целинная көшесі, 16, шекті толу нормасы 30 адам.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арсындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Шортанды ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Шортанды аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 қаңтардағы
№ 7С-19/2 шешіміне
3 қосымша
  Шортанды аудандық мәслихатының
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ С-72/2 шешіміне
3 қосымша

Шортанды ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Шортанды ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасынан 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс- тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады