Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі Ақылбай ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31282 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақылбай ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 23 маусымдағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі Ақылбай ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      Мира көшесін Кенесары хан көшесіне;

      Советская көшесін Валентина Байер көшесіне;

      Интернациональная көшесін Бірлік көшесіне;

      Комсомольская көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Школьная көшесін Мамыр Сағитов көшесіне.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абылайхан ауылдық
округінің әкімі
Ж.Кубенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады