Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Златополье ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 23 маусымдағы Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Златополье ауылдық округі Златополье ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
Степная көшесін Абай көшесіне;
Интернациональная көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне;
Пролетарская көшесін Кенесары хан көшесіне.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Златополье ауылдық округінің әкімі |
С.Сипульдин |