Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облыстық мәслихаттың "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |
2022 жылғы "25" мамырдағы № 125 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
|
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні | |||
1. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 168,5 |
2. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 489,2 |
3. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 135,9 |
4. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 132,8 |
5. | Су энергетика | теңге/1000 киловатт сағатына | - |
6. | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | 16,3 |
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні | |||
7. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 146,3 |
8. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 411,9 |
9. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 113,3 |
10. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 113,3 |
11. | Су энергетика | теңге/1000 киловатт сағатына | - |
12. | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | - |