Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 177 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 141 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 маусымда № 28457 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің қосымшасында:

      Мәртөк ауданы бойынша:

      Мәртөк ауылдық округі мынадай мазмұндағы 184-1 жолмен толықтырылсын:

      "

184-1

Жаңатаң ауылы

95

      ";

      Жайсаң ауылдық округі бойынша – 192 жолы "Жаңатаң ауылы" алынып тасталсын.

      2. "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен әкімдіктің қаулысын және мәслихаттың шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысын және мәслихаттың шешімін оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      Облыстық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы
С. Шинтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады