2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 203 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 маусымда № 28633 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.

      3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 203 қаулысына 1-қосымша

Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге

1

Майлы дақылдар (күнбағыс, мақсары, зығыр)

15 000,0

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 203 қаулысына 2-қосымша

2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдері

Облыстың атауы

Бюджеттік қаражат көлемі, теңге

Ақтөбе облысы

320 000 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады