"Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 тамызда № 29107 болып тіркелді

      Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24079 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 5 тамыздағы
№ 259 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 281 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы бойынша сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауылшаруашылық өнім атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Өнім бірлігіне субсидия нормативі, теңге/килограмм

1

2

3

4

1

Сүт

Сары май

59


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады